QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру

ByQAA.kz

Мау 14, 2021

Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Тіл- қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталу керек.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.

Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқынымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі тіл – халықтың жаны, сәні тұтастай кескін келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиеті мұрамыз, ана тіліміз- қазақ тілі.

Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамытуға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толықнегіз бар.Қазіргі қоғамымыздың жастарының белсендігі жоғары.Еліміз тәуелсіздің алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәденеиет баспасөз, радио, теледидарымыз бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда қазақша сайрап тұр десек болады.Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебеміздің асқақтағаны.Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі. Мысалы, сот саласындағы мемлекеттік қызметкерлер арасында жыл сайын тілге байланысты түрлі сайыстар, семинар сабақтары ұйымдастырылып өтуде, сот қызметкерлерінің тіл мәселесін көтеруге байланысты мақалалары газет басылымдарына жариялануда.

Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазірігі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған.

Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы,өнер білімді, мәдениетті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Ана тілі еліміздің халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатнасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру-ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу-әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Сондықтан ана тілімізді қадірлейік.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы О.Сейсентаев

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған