Ресми ақпараттарға сүйенсек ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» жүргізілуде екен. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу деректері еш жария етілмейтіндігі де мәлім болды.
«Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Дәулет Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда»,- деп хабарлайды ҰҚК.
Ведомствода қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша қарастырылуы мүмкін. Ұсталғандар өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды. Сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
Айта кетейік, 8 қаңтарда ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған болатын.
P.S: Отанға опасыздық жасады деген айыптан да құпия не бар болуы мүмкін?