"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ӘЛНАЗАРОВА «АУЫЛДЫ» АЙТТЫ

ByQAA.kz

Қар 25, 2021
Сенатор А.ӘЛНАЗАРОВА:

– 2022-2024 ж.ж. арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде ауылдағы ағайынға медициналық көмек көрсетудегі проблемаларды көтердім. Алдағы екі жылға арналған бюджет жобасында Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды 2021 жылмен салыстырғанда 11% азайту жоспарланған. Бұл онсыз да жиналып қалған проблемалардың шешілуін қиындатпақ. Себебі, пандемияға байланысты коронавируспен күресеміз деп, өзге ауруларды, өзге маңызды бағыттарды кенжелетіп алдық. Соңғы 2 жылда жалпы өлім көрсеткіші 28 пайызға артып кеткені, оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болатын адамдардың 32 % -ға, ана өлімі 3 есе өсіп кеткені сөзіме дәлел.

Енді ауылдағы ағайынның мәселесі.

Біріншіден, ауылдық жердегі медициналық көмек көрсету қаладағытәртіппенжүзеге асады. 1 учаскеге 1700 адам. Қалада мұншама адам бірнеше көп қабатты үйде тұрса, ауылдық жерде арасы алшақ бірнеше елдімекенде тұрады. Аудандық ауруханалардың көптеген ауру түрлері бойынша науқастарға көмек көрсете алмай, облысқа жіберуі де осы себептен. Бұл мәселені зерттеп-зерделеп, реттеу қажет.

Екіншіден, ауылдық жердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелердің инфрақұрылымының орташа тозуы 55%, техниканың тозуы 48% ға жеткен.

Үшіншіден, жылжымалы медициналық көмек көрсету қызметінің тарифіне тасымал және іссапарға кететін шығындар кірмеген. Жалпы жылжымалы медициналық көмекті ауыл халқының 25 % ала алмайды, себебі медициналық сақтандырылмаған.

Төртіншіден, пандемия басталғалы емханалар COVID-19 науқастарына арналған мобильді бригадалардың жұмысын толық дамыта алмай отыр. Себебі шақыруларға шыққан бригадаға алғашқы шақыруға барғаны үшін ғана қаржы төлеу қарастырылған, оның өзінде науқастың вирус жұқтырғаны расталса ғана. Бригаданың екінші, үшінші шақыруларына кететін шығынын амбулаториялық мекеме өзіне алуға мәжбүр. Бұл бригадалар жұмысын дамытуға қол байлау болып отыр.

Бесіншіден, биылдан бастап міндетті профилактикалық егулер тізіміне COVID-19 ге қарсы вакцина да енгізілді, яғни иммундаудың жылдық жалпыжоспары 2,5 есеге артты. Демек, қосымша учаскелік желілер, медициналық бригадалар құрылды және құрылады. Бұл да қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Осыған қарамастан бюджет жобасында саланы қаржыландыруды қысқарту көзделген.

Республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде аталған мәселелерді ескеріп, денсаулық сақтау жүйесіндегі қордаланған мәселелерді шешу үшін Үкіметтен тиісті шаралар қабылдауды сұрадым.

Мәселе, әрі қарай да ҚР Парламенті Сенатының және жеке өзімнің бақылауымда болады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған