QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ӘКПЕН ТОҚТАП ҚАЛМАС

ByQAA.kz

Мау 10, 2021

Ал қаланың шет бөлігіндегі жерді жалға алып, кәсіп бастап, әк өндіріп отырған «Орда Инвест» жеке кәсіпкерлігінің айтары басқа. Олар өндіретін әк жақсы сатылғанмен бұл кәсіп тек бір маусымдық жұмыс дейді. Жазғы күні әк өндіріп, қыстың кезінде кәсібін тежеуге тура келеді. «Еңбек» бағдарламасы аясында 60 айға бөліп қайтаруға 8,3 миллион теңге несие алған. Бүгінде 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Күніне 3,5 тонна әк, 500 пескоблок өнідіріп, кәсібін дөңгелетуде. Кешегі жұмыртқа тапшылығы болған уақытта, өздерінің қаражатына тауық алып, санын көбейтіп асырауда. Қысқы күні де жұмысы тоқтамас үшін әк өндіріп жатқан жердің маңынан 5 сотық жерге жылыжайды салуды да мақсат етіп отыр. Кәсіпкер Жанкулов Алидің айтуынша жылыжай өнімдері Қызылорда қаласында жоғары сұранысқа ие. Осы саланы әрі қарай дамытса жақсы болар еді дейді. Ал әк өндірісінің сыры бір бөлек. Әк тастарды дайын күйге жеткізу үшін жоғарғы градуста балқыту керек. Қызылорданың ыстығында бұл жұмыс қай адамға болсын оңайға түспесі анық. Өзімізің тұрғындарды жұмысқа алғанмен, олар бірнеше ай жұмыстан кейін қажып, жұмыстан кететін көрінеді.

  • Біз барлығы осы бауырларымызға болсын деп жоғары айлықты ұсынамыз. Олар бұл жұмыста тұрақтап қалғысы келмейді. Соған қарағанда ешкім қиын жұмысты қаламайтын секілді, -дейді кәсіп иелері. Әзірше кәсіпкерлер өз аумағында тек тауық пен әк және пескоблок өндірісін қолға алуда. Жылыжайға арналған жер дайын. Арнайы сарапшы мамандармен келіссөздер нәтижесінде жылыжай құрылысына 8 миллион теңге қаржы керектігі анықталған. Алдағы уақытта, кәсіпкерлікті дамытуды қолдайтын жаңа бағдарламалар болса, жылыжай да қолға алынбақ. Өз кәсіптерін ешқашан жарнамаламаса да олар өндіретін әк пен пескоблокка сұраныс жоғары. Ең жақсы жарнама халықтың біз шығаратын өнімді жұртқа мақтағаны дейді кәсіпкерлер.

Дамир АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған