QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ҮКІМЕТТІҢ ҚЫМБАТ БАҒАҒА ӘЛІ КЕЛЕР МЕ…

Автор:QAA.kz

Окт 21, 2021

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,2% құрады. Бұған қырыққабат бағасының 3,5%- ға және жұмыртқаның 1,6%-ға қымбаттауы әсер етті. Қырыққабат бағасының ең көп өсуі Алматы қаласында (19,3%), Ақтөбе (7,4%) және Түркістан (6,7%) облыстарында тіркелді. Атырау облысында жұмыртқа бағасының едәуір өсуі орын алды (27%). «Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде 273,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар сатып алынды. Өткен аптада +70,6 млн жұмыртқа, +17,4 мың тонна картоп, +7,2 мың тонна сәбіз, +4,7 мың тонна пияз, +4,8 мың тонна қырыққабат және т. б. сатып алу ұлғайтылды. Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нан, жұмыртқа және ұн өндірушілеріне бағаның өсуі мүмкіндігі туралы жария мәлімдегені үшін 4 ескерту жасады. Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 18 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 7 фактісі анықталды. Түрлі бағаларды қолдану белгісі бойынша хабарламаны орындамауына байланысты «Тараз қант зауыты» ЖШС-ға қатысты тергеу тағайындалды. Бүгінгі күні өндірушілермен және ірі супермаркеттермен баға мен сауда үстемесін төмендету туралы, оның ішінде республикалық ірі сауда желілерімен ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы, сондай-ақ Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығына кіретін Қазақстанның 14 құс фабрикасымен 108 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды.

Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңесінен

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *