QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ҮКІМЕТТІҢ КЕШІККЕНІ…

ByQAA.kz

Мау 24, 2021

Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгінгі күнге дейін 2,8 миллионға жуық қазақстандық індетке қарсы екпенің бірінші, ал 1,7 миллионы екінші кезеңін де салдыртқан. Ел үкіметі күн сайын барлық қазақстандықтарға екпе алудың маңыздылығын түсіндіріп, оларды екпемен індеттен қорғануға шақыруда. Ғалымдар алғашқылардың бірі болып, отандық «QazVac» екпесін де ойлап тапты. Екпе егуді жиі кеңес, талап ететін үкімет басшысы Асқар Маминнің арадағы қаншама уақыттан кейін, күні кеше маусымның 21-і күні екпе салдыртқаны БАҚ-тар арқылы жария болды..
«Қарағандыда өндірілген Ресейдің «Спутник-V»-ін салдыртқаннан кейін Үкімет басшысының жағдайы жаман емес, ол өзін жақсы сезінуде», дейді баспасөз қызметі. Бәлкім, осы кезге дейін ел-жұртыма жетсін деген шығар, әйтеуір Үкіметтің 2,8 миллион жұрттан кейін кешігіп екпе салдырғаны қызық болды. Оның үстіне елдегі барлық
мекемелер мен кәсіптік субъектілер «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс жасауда. Кім білсін, үкімет басшысы вакцина салдырмай жүре берсе, біраз жерде еркін жүре алмай қалар ма еді?.. Үкіметтегілер елге айтып қана қоймай, өз ұсыныстарын өздері елдің алдымен жүзеге асырса дұрыс болар еді..

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған