QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қ.Көшербаев: Полиция жұмысына халықтың көңілі негізінен толмайды

ByQAA.kz

Ақп 7, 2019

Қызылорда қаласы әкімі Н.Нәлібаевтың тұрғындарға есеп беру жиналысына қатысып сөз сөйлеген аймақ басшысы Қ.Көшербаев қалалықтардың жергілікті полиция жұмысына көңілі толмайтындығына тоқталды.

– Құқық қорғау органдарының жұмы­сына байланысты, қоғамдық тәртіпті сақ­таудағы полиция жұмысына халықтың көңілі негізінен толмайды. Көліктерді ойын алаңында, тротуарларда қалдыру, «Жедел жәрдем», өрт сөндіру т.б. арнайы көліктердің өтуіне бөгет болатын жағдай­лар туралы шағымдар бар. Полиция нәти­желі рейдтер өткізбейді. Ереже бұзған­дарды, әкімшілік құқық нормаларын және қоғамдық тәртіпті бұзуды қайталағандарды қатаң жазалау бойынша шаралар қабылданбайды. Қалалық полиция басқармасы, учаскелік полиция қызмет­керлері қала әкімдігі, КСК-мен бірлесіп қала аулала­рын тәртіпке келтіруге байланысты тиісті шаралар қабылдауы керек – деп нақты тапсырмаларды атап өтті облыс әкімі.

Ж.АЙМАҒАНБЕТОВА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған