"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Ішкі саясат – көптің саясаты

ByQAA.kz

Қар 18, 2021

Осы және өзге де мәселелер қалалық мәслихат депутаттарының назарында болды. Білім бөлімінен кейін қалалық ішкі саясат бөлімі есеп берді. Атқарған шаруаларына құлақ асқан халық қалаулыларының көңілі бұған тола қоймады.

 Бөлімге биылғы жылы 129 миллион 280 мың теңге қаражат қаралған. 2021 жылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 22 млн. 227 мың теңге қаржы бөлініп, оған 4 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік жобасы. Жоба жеңімпазы: «Бітім» Медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі.

Жоба аясында Қызылорда қаласындағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың базасы жасақталды.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған «Азаматтардың өтініштерін қабылдау» орталығы жанынан сотқа дейінгі дау-дамайды медиаторлар көмегімен ретке келтіру мақсатында қала әкімдігіне жүгінген қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету үшін «Отбасылық кеңес» орталығы құрылды. Орталық күнделікті 8 сағаттық жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетіп келеді.

«Отбасылық кеңес» орталығының қызметіне жыл басынан бастап Қызылорда қаласының 1595 тұрғыны жүгініп, оның 396-сы психологиялық көмек алған болса, 766-сы кәсіби медиаторға әртүрлі сұрақтармен жүгінген, 180 медиативтік келісім рәсімделген. 433 қызмет онлайн тәртібінде жүргізілді.

Бұл жерде түртілмеген, біз біле бермейтін шаруа қаншама. Қаладағы барлық шара осы ішкі саясат негізінде жүзеге асырылады. Бұл тек мемқызмет қана емес, қала тұрғындарының менталитетін, ой санасын жақсы жаққа өзгерту бағытында, діни тұрақтылық, саяси тұрақтылық және жастар арасындағы қарым-қатынасты жақсы жаққа бағыттау секілді өзге де жұмыстарды атқарады.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған