"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Covid19: Қайта келе ме?

Автор:QAA.kz

Июл 1, 2022

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният маусым айының ортасынан бері елде Ковид-19 инфекциясы көбейгенін айтып отыр. Мәселен, өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,9 есеге артқан. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы сондай-ақ ауруға шалдыққандардың 80%-ы екпе алмаған немесе жарты жылдан астам уақыт бұрын екпе алғанын тілге тиек етті.

Елде Ковид-19 ауруының көбеюін ескере отырып, белгілі бір аймақ эпидемиологиялық қауіптің «сары» аймағына ауысқан жағдайда келесі қосымша шараларды қабылдау туралы шешім қабылдады:

  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтағы жұмыс түріне ауыстыру;
  • Ковид-19 вакцинасына абсолютті қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмысқа ауыстыру;
  • жабық мекемелерде және қоғамдық көліктерде міндетті түрде бетперде кию;
  • 10 адамнан астам кездесулерді онлайн форматқа көшіру ұсынылады.
    Сондай-ақ, эпидемиологиялық қауіпті аймаққа қарамастан, әуе және теміржол көлігінде, халықаралық автобус тасымалы кезінде бетперде кию ұсынылады.

Ералы Тоғжанов өңір басшыларына коронавирус инфекциясына қарсы екпе науқанын күшейтуді, ауруға шалдыққандар саны көбейген жағдайда қажетті кадрлармен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, вице-премьердің айтуынша, халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту қажет екенін жеткізді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *