QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Әбдіқалықова: Қоғамда еркектер қорқақ болып кеткен бе?

ByQAA.kz

Нау 15, 2019

Жұмыс сапарымен еліміздің батыс өңірін аралап жүрген Гүлшара Әбдіқалықова қай жаққа барса да, алдынан жалғызбасты аналар шығып жатқанын айтты. Үкімет басшысының орынбасары әйелдердің жағдайына алаңдайтынын да жасырған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкімет басшысының орынбасары бастаған бір топ министр бүгін Ақтөбеге келді.

«Жалғыз басты аналар… Қай жаққа барсам да, алдымнан жалғызбасты аналар шықты. Мынау не? Қоғамда еркектер қорқақ болып кеткен бе? Проблеманың бәрін әйелдердің басына үйіп қойған ба? Осы түсініксіз болып кетті», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетйік, жұмысшы топ осыған дейін Атырау мен Ақтөбе облыстарында болған.

Негізгі мақсат – президент тапсырмасына сәйкес әлеуметтік жұмыстарды ел-жұртқа таныстыру, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың жағдайын көзімен көріп, көмек көрсету.

Ел билігінің тізгінін ұстап отырған шенеуніктермен кездесуге көпбалалы аналар көп келді. Көпшілігінің көтерген мәселесі – баспана. Тұрмысы төмен отбасылар қиын жағдайларын айтып, көмек көрсетуін сұрауда.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған