QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Батпақ болмайды

ByQAA.kz

Мау 24, 2021

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев өз әдетінше қаланы және оған қарасты елді-мекендерді, кенттерді аралау жұмысын жалғастырды. Бұл жолғы табан тіреген Тасбөгетіндегі бірқатар түйіткүлді мәселелерді көзбен көріп қайтты. Көзбен көргеннен мәселе шешіле кетсе жақсы-ақ. Алдағы уақытта солай болатын да шығар. Ең басты проблеманың бірі Тасбөгеттің жол сапасының төмендегі, немесе мүлде тегіс жолы жоқ көшелері. Мәселен, Арай-9, Гүлдана көшелерінің тұрғындары өткен кезеңдері жауын уақытында талай әуреленген болатын. Сондықтан, аталған екі көшенің жоба сметалық құжаттары әзірленіп, бүйжеттен қаржының ағытылғаны ғана күтілуде.
Кенттегі Жауқазын көшесі және қоқыс аймағына айналған Ұ.Оралбай мен Сырдария көшелерінің қиылысына да барды.Тұрғындардың қоқыс тастау аймағына қатаң бақылау енгізіп, қала тазалығын бұзушыларға нақты шаралар қолданған жөн боларын еске салды. Жалпы кентті қойғанда, қаланың барлық аумағындағы көше қиылыстары қоқыс тастау аумағына айналған. Негізінен әр үйдің қоқыс тастайтын контейнері болуы міндетті. Бұл – тазалықтың талабы. Осы ұсыныстарды тасбөгеттіктерге де жеткізіп, ең болмағанда екі үй ара бір қоқыс ыдысын қоюды талап ету керек болар. Сонымен қатар Арай-Шұғыла аумағының тұрғындарымен кездесіп, жыр болған жол мәселесінің қашан шешілетінін түсіндірді. Бұл аумақтың 9-шы көшесіне биылғы жылы қиыршық тас төселмек. Ал бүгінде нөмірі 8 көшеге тас төсеу жұмыстары енді басталмақ көрінеді. Демек, алдағы уақытта тасбөгеттіктер аяғына жаңбыр күні пакет кимейді, жазда шаңға былғанбайды деген сөз. Жоғарыдағы мәселелер бойынша сала басшылары бірқатар тапсырмаларын алды. Жұмыс нәтижесін уақыт көрсетпек.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған