"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

БАТАЛОВ КЕТІП, БОЗЫМБАЕВ КЕЛДІ

ByQAA.kz

Қар 25, 2021

Алматы облысын сонау 2014 жылдан бері тура жеті жыл уақыт басқарған 69 жастағы Амандық Ғаббасұлы Баталов зейнет демалысына шығып, еліміздің оңтүстік астанасының облыс әкімі қызметіне Президент жарлығымен Қанат Бозымбаев тағайындалды. Қанат Бозымбаев жалпақ жұртқа ел президентінің көмекшісі қызметінде жүргеннен белгілі. Ал оған дейін де Бозымбаев тәуір қызметтерді атқарған еді. Көмекшілік қызметтен бұрын Жамбыл, Павлодар облыстарының әкімі болып қызмет атқарды.

Қанат Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған. Білімі: 1993 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1993 жылғы шілдеден 1997 жылғы қыркүйекке дейін – мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар.

 1997 жылғы қыркүйектен 1997 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің аймақтық саясат басқармасының бастығы.

1997 жылғы қарашадан 1998 жылғы қыркүйекке дейін – «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ шоғырландырылған қаржы басқармасының бастығы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.

1998 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейін – Мұнай және газ департаментінің директоры, Қазақстанның Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2001 жылдың ақпанынан 2001 жылдың мамырына дейін – «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» ААҚ бірінші вице-президенті.

2001 жылғы мамырдан 2007 жылғы тамызға дейін – «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» ААҚ президенті.

2007 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейін – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ басқарма төрағасы.

2008 жылғы қазаннан 2009 жылғы қарашаға дейін – «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» ААҚ президенті.

2009 жылдың 30 қарашасынан 2013 жылдың 20 желтоқсанына дейін – Жамбыл облысының әкімі.

2013 жылғы 20 желтоқсаннан 2016 жылғы 25 наурызға дейін – Павлодар облысының әкімі.

2014 жылдың 25 ақпанында «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

2016 жылғы 25 наурыздан 2019 жылғы 18 желтоқсанға дейін – ҚР Энергетика министрі.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Мемлекет президентінің жанында көмекші болып әдетте ең сенімді, білімді, көреген қызметкерлер жүреді. Көмекшілік қызметтің өзінде жүрген сәтте-ақ, Бозымбаевтың болашағы жарқын екені белгілі еді. Араға уақыт салып, Қазақстандағы ең ірі, маңызды облыстардың бірін басқаруды сеніп тапсырғанына қарағанда Бозымбаев бұған лайық болса керек.

Дамир АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған