"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Бұрынғы басшылар қамауға алынды

Автор:QAA.kz

Янв 28, 2022

«2022 жылдың 27 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Пірімқұловқа, Құмарғалиевке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады»,-деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық соты.

26 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстағаны хабарланған болатын. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

21 қаңтарда Қазақстан Президенті кәсіпкерлермен кездесуінде РОП операторының қызметін сынға алып, оператордың функцияларын мемлекеттік ұйымға беруді ұсынды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *