QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Ардагерлермен кездесу

ByQAA.kz

Сәу 9, 2021

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында ҚР Шекара әскерлері жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына жиырма жылдығына орай ардагерлермен кездесу іс-шарасы болды.
Кездесуге, Республикалық » Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлер одағының» басшысы Мұрат Мұхамеджанов бастаған облыс ардагерлері қатысты.
Кездесуде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әкбарұлы ашып, ардагерлердің сол кездегі саяси қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, жауынгерлеріміздің ерліктері мен батырлықтары үшін алғысын айтты.
Сол сегіз жылға созылған ұрысқа сегіз жарым мың қазақстандық борышын жат жерде өтеді. Осы бітімгершілік миссиясына Қызылорда облысынан төртжүзге жуық сарбаз қатысты. Кешегі егеменді елдің ішкі әскері, 7 сәуір 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында айбынды ерліктерін дәлелдеп, қайтпас қайсарлық, батылдықтың үлкен ерліктерін көрсеткен болатын. Амал қанша, осы сіздер көрген қиындықтарды егемен елдің халқы көрмесін дейміз. Алайда сол соғыстың зардабы ардагерлеріміздің жүрегінде қалатыны анық.
Осы ерліктеріңізді Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жоғары бағалаған еді. Олар біздің бейбітшілігіміз бен тыныштығымызды қорғады», деген болатын Елбасы.
Бүгінгі кездесуде майдангерлер, бүгінгі іс-шараға және партияның көмек көрсеткені үшін алғысын айтты. Кездесуде «Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін облыс әкімі Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың «Алғыс хатымен» марапаттады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған