QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қаланы мониторингтік топ бақылуда

ByQAA.kz

Сәу 15, 2021

Облыс аумағы «сары аймаққа» енгізілген соң, карантиндік шаралардың әдеттегіден күшейтілетіні белгілі. Қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ облыс орталығындағы сақтық шараларының сақталуын үзбей бақылауға алған еді. Осы бағытта
қала әкімінің орынабасары Бектас Нұридинов мониторингтік топпен бірге халық көп шоғырланатын нысандарға барды. Аралап ғана қоймай, тұрғындарға саулық үшін сақтықты назардан шығармау керектігін түсіндірді.

Олар алдымен №3 қалалық емханаға, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына, артынша банк ғимаратына барды. Аралау барысында талапқа бағынбағандарға ескертпе жасады. Мәселен, аталған ғимараттарда бетперде тақпай, ара қашықтықты сақтамау сынды олқылықтар орын алған. Мекемелер тарапынан антисептикалық қорғаныш құралына арналған құтының да құр сумен толтырғанын әкім орынбасары қатаң түрде сыңға алып, тез арада қалыпқа келтіру керектігін атап өтті. Осы жыл басталғалы бері меншік нысанына қарамастан қайталама негізде 1500-ден астам нысандар мен жеке тұрғын үйлер араланып, карантин талаптарын сақтамай той және басқада рұқсат етілмеген іс-шараларды жасаған 89 жағдай тіркеліп, анықтама толтырылып, оның ішінде 54 нысанға құзырлы орган арқылы әкімшілік шаралар көрілген болатын.
Осындай олқылықтардың орын алмасы үшін Бектас Нұридинов пен қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ қоғамдық көліктерге де мініп, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мұнда ол санитарлық талаптардың сақталуын тексерді. Әрине, әр жолаушы бетперде тағып, қашықтықты назарға алу керек. Осы бағыттағы түсіндірме жұмыстарын тұрғындарға жеткізіп ғана қоймай, қоғамдық көліктерге жауапты мекеме басшылығына сақтық шараларды бақылауға алу керектігін жеткізді.

  • Қоғамдық орындар мен автобустарда бетперде тағу қажет. Бұл жолаушылардың өзіне және тұрғындарға қорғануға мүмкіндік
    береді. Қаладағы бірқатар нысандарды аралап, карантиндік талаптардың орындалуын түсіндірудеміз. Өңіріміздің сары аймаққа енуі сақтық шараларын күшейтіп, жұмыс тиімділігін
    арттыруымызға себеп болуы керек»
    – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы.

Мониторингтік топ аралау барысында тәртіпке бағынбастан жұмыс істеп тұрған бірқатар нысандарды да анықтады.


А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған