QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қала тұрғындарының 70 пайызы су ақысын төлемейді

ByQAA.kz

Сәу 15, 2021

«Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Марат ЖӘМИЕВ:

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ

СУ АҚЫСЫН ТӨЛЕМЕЙДІ

Су жүйесіне қатысты жұрттың сауалы аз болмайтыны айқын. Әйткенмен, халыққа үздіксіз қызмет көрсететін коммуналдық сала мамандар тарапынан тынымсыз жауапкершілікті талап етеді. Қала тұрғындары үшін сапалы суды ұсынып ғана қоймай, кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Алайда, тұрғындар тарапынан тұтынған суға тиісті ақысын да төлемейтіндері жоқ емес. Мекеме басшысын сөзге тартып, салаға қатысты туындаған сауалдарға жауап алдық.

  • «Су жүйесі» мекемесіне тиесілі бір проблема тұтынушылар
    тарапынан төлемнің уақытылы болмауы. Бұған қатысты қандай шаралар жүргізілуде?
  • Берешек қарыздарды өндіру мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігі, Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Қызылорда қаласының ІІБ басқармасымен 4 жақты келісім жасалған. Сонымен қатар, күнделікті, тұтынушылармен жасалған келісім шартқа сәйкес, есепке алу құралдарының болуы және Өнім беруші ұсынған төлем құжаттарының негізінде ұсынылған қызметке олардың көрсеткіштеріне сәйкес уақытылы және толық көлемде ақы төлеу керек екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Егер де тұтынушы ұсынылған төлем құжаттарында көрсетілген мерзімде төлем ақы жасамаған жағдайда орталық ауыз су және кәріз жүйесінен ажырату жұмыстары жүргізілуде. Ал 3 жылдан бері төлем жасамаған тұтынушылардың қордаланған берешек қарыздарын мәжбүрлеп өндіру мақсатында жеке нотариус арқылы атқарушылық жазба шығарылып жеке сот орындаушыларының атқарушылықты істі қозғау туралы қаулысы негізінде қарыз сомалары өндірілуде.
  • Ауыз сусыз күнкөрістің қиындары сөзсіз ғой. Соның өзінде
    қарыздарынан құтылуға қауқарсыз тұрғындар бүгінде қала бойынша әлі көп пе?
  • Бүгінгі күнге қала көлемінде 75 852 тұтынушы бар болса, орташа
    есеппен оның 20 984-і немесе 27,6% уақылы төлем жасайды, қалған 54 868 немесе 72,3% тұтынушы мүлдем төлем жасамайды.
    Өзіңмен сұхбатты пайдала отырып қала тұрғындарын ауыз су және кәріз бұру қызметтері үшін уақытылы нақтылап айтқанда Кәсіпорын мен тұтынушылар арасында жасалған келісім шартқа сәйкес әр айдың 25-не төлем жасауды,келісім шарт жасамаған
    тұтынушыларды Желтоқсан көшесі №156 ғимаратында орналасқан жеке және заңды тұлғаларға арналған қызмет көрсету орталығына келіп келісім шартқа отыруды сұраймыз.
    Қазіргі күнгі, әлемдік пандемия уақытында қала тұрғындары үшін call-centеr жұмыс жасауда. Қандай да бір сауалдар туындаса, хабарласуға болады.
  • Біздегі тағы бір мәселе – рұқсат етілмеген орындарға лас суларды төгуде. Бұған қатысты бүгінге дейін жыл басынан қанша дерек анықталды? Түсіндірме жұмыстары да тиісінше жүргізілуде ме?
  • Ағымдағы жылы «Қызылорда Су жүйесі» МКК-мен жалпы саны 84 жеке және заңды тұлға өкілдерімен арнайы келісім шарт жасалған. Аталған келісім шартқа сәйкес ассенизатор автокөліктері Қызылорда қаласы, Титов кентіндегі орналасқан «Индустриялды аймақта» орналасқан арнайы шағын КНС-ке жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қала көшелерінде орналасқан кәріз су құдықтарына заңсыз кәріз суларын төгу фактілері анықталуда. Осы ретте, кәсіпорын қызметкерлерінің күнделікті рейд жұмыстарының нәтижесімен жыл басынан 33 ассенизатор автокөліктерінің заң бұзушылықтары анықталып, материалдық шығындар арнайы сот органдары арқылы өндірілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарынан келіп түскен шағымдар бойынша уақытылы жұмыстар жүргізіліп, түсіндірме және ақпараттандырулар үздіксіз жариялануда.
  • Әйткенмен, тұрғындар тарапынан да шағымдар жоқ емес.
    Басым көпшілігі нендей мәселелерді алға тартады?
  • Өзіңізге белгілі, қала тұрғындарына ауыз су мен кәріз суды бұру қызметтері жыл көлемінде үздіксіз жүргізілуде. Тұрғындар тарапынан да үздіксіз қызмет үшін шағымдар болатыны сөзсіз. Оның ішінде жаз мезгілдерінде ауыз су қысымының жетіспеушілігінен және аяқ судың орнына ауыз су жүйесін пайдалану себебінен қала шетіндегі Қызылжарма ауылдық округі АльФараби аумағында мәселер туындап жатады. Алайда, қала орталығында су қысымы тұрақты болып табылады.
  • Осы бойынша мекеме тарапынан тиісінше жедел әрекет етуі тиіс. Бірақ, қызмет көрсету деңгейі әртүрлі деген пікірлер де жоқ емес. Бұл турасында не айтасыз?
  • Кәсіпорында жедел түрде апаттық диспетчерлік бөлімі тәулігіне 24 сағат бойы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз шағымдарды қабылдап, қолдан келсе сол уақытта қалпына келтіріп немесе арнайы жедел әрекет ету жөндеу тобына тапсырылып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.
  • Бүгінде мекеме тарапынан қала тұрғындарына қанша маман қызмет көрсетуде? Кадр тұрақтылығына, тәжірибесіне қаншалықты мән бересіз?
  • Бүгінде кәсіпорында әртүрлі мамандық иелерінен құралған 652 қызметкер жұмыс жасайды.Мысалы,еңбек жалақыларын уақытылы алмауы салдарынан ағымдағы жыл басынан 72 қызметкер өз еркімен жұмыстан босаған. Мұның басты себептерінің бірі бұл тұтынушылардың ауыз су және кәріз бұру қызметіне төлем жасамауы. Сонымен қатар, тағы да бір мәселе біздің салаға қатысты оқытатын кәсіби оқыту орталықтары болмауы.
  • Ал түрлі бағытта қызмет көрсететін техникалық жабдықтардың деңгейі қалай? Мекемеге қажетті құрал-жабдықтар, техника- лармен қаншалықты қамтамасыз етілген?
  • Кәсіпорын нормативіне сәйкес 90-ға жуық арнайы және жеңіл автокөлік болуы керек болса, қазіргі таңда кәсіпорын тек 46 автокөлікпен қамтамасыз етілген.
  • «Қызылорда Су жүйесі» дегенде енді жаңарған ғимарат көзге түседі. Бұл осындағы мамандардың қолайлы жұмыс жасауына да маңызды. Ауыз сумен қамтамасыз етуде құрылымдық немесе басқалай өзгерістер де қоса енді ме?
  • Қазіргі таңда тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін кәсіпорын ғимаратынан жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Орталықтың негізгі қызметтеріне:
  • Тұтынушыға тоқсан сайын беріліп отыратын тұрғын үй жәрдемақысына анықтама береді;
  • Келісім шарт жасасу үшін құжаттарды ұсыну;
  • Көрсетілген қызметтер үшін төлем жасау;
  • Су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін тапсыру;
  • Су есептеу құралдарын пломбылауға арналған өтінім беру;
  • Жаңадан қосылған тұтынушыларға жеке
    бет есебін ашу;
  • Орталық электронды кезек жүйесімен жабдықталған, төлемдерді қабылдауға арналған терминалдар тұтынушыларға ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Насос құрылғылар мен қатар бұрғыларды өзіміздің цехта жөндейміз.
  • Кәріз суларды биологиялық тазарту технологиясы қала және
    қалаға қарасты ауылдарда қалай жүргізілуде?
  • Қазіргі таңда, кәсіпорынның теңгерімінде кәріз суларды биологиялық тазарту станциясының 2 нысаны бар. Оның бірі Қызылжарма ауылдық округінде, екіншісі Тасбөгет кентінде орналасқан. Аталған модульды биологиялық тазарту станцияларын күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.
  • Ауыз су сапасына тоқталыңызшы…
  • Қызылорда қаласының тұрғындарын таза, сапалы ауыз су ҚР Ұлттық экономика министрлігі бекіткен 16.03.2015ж №209 «Су көздеріне шаруашылық -ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына,шаруашылықауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес беріледі.
  • Судың түсі кейде сарғыш болады… Адам денсаулығына кері әсері болуы да ықтимал. Оған тікелей себеп неде?
  • Кәсіпорын қала тұрғындарын ҚР барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес келетін таза ауыз
    сумен қамтамасыз етуде. Бұл жағдайлар орын алғанның өзінде тұтынушылардың жеке құбырларының ескіруі немес ауыз су жүйелерін ақаулары орын алауына байланысты болып
    жатады.
  • Есепке алу құралдарын алмастыру процесіне тоқталыңызшы… Ол міндетті түрде мекеме операторларымен бірлесіп жүзеге асуы керек пе?
  • Әрбір тұтынушы жеке су есептеу құралын орнатуға міндетті. Ол үшін жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасау абонент бөлімдерінің операторлары арқылы тұтынушы тарапынан тапсырыс беріледі және абонент бөлімінен қызметтік жазба арқылы тіркеу бөліміне жолданады.
  • Қандай есептеу құралын орнату қажет?
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік есептеу өлшемдері жүйесінің реестріне енгізілген есептеу аспабын орнату міндеттеледі. Есепке алу құралын орнату, шешіп алу, қолданыстағы есептеу құралын қайта орнату кәсіпорынның жеке және заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің қызметкерлері немесе осы қызметті іске асыруға лицензиясы бар кәсіпорын немесе заңды тұлға өкілдерімен орындалады.
  • Кәсіпорынның тарифіне өзгерістер қаншалықты енгізіледі? Осы тұрғында тұрғындар талабы қаншалықты ескеріледі?
  • 2010-2018 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражатар бөлініп, ауыз су және кәріз су жүйелеріне жанғырту жұмыстары жүргізіліп, 80 пайызы жаңғыртылды. Нәтижесінде қызмет көрсету шығындары және жөндеу жұмыстарының көлемі азайғандықтан, тарифтер төмендеді. Халыққа 2018 жылмен салыстырғанда ауыз судың тарифі – 27 пайызға, кәріз судың тарифі – 22 пайызға төмендеген. Бюджеттік мекемелерге ауыз судың тарифі – 8 пайызға, кәріз судың тарифі – 25 пайызға төмендеген. Басқа тұтынушыларға ауыз судың тарифі – 20 пайызға, кәріз судың тарифі – 25 пайызға төмендеген.
  • Білуімше, жеке тұлғаларға қызмет көрсету онлайн негізде де жүзеге асуда. Нақты қандай қызмет түрлері бар?
  • COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу және адамдар арасында қарым-қатынасты болдырмау үшін кәсіпорынның жеке тұлғалармен жұмыс жасау абонент бөлімі төмендегі қызметтерді онлайн режимде қабылдайды.
  1. Су өлшеуіш құралын ауыстыру және пломбалауға өтініш қабылдау;
  2. Әлеуметтік көмекке анықтама алу;
  3. Жеке бет есебіне түзету енгізу;
  4. Қордаланған берешек қарыздың сомасын анықтау;
  5. Көрсетілген қызметтердің көлемін уақытылы анықтау;
    Сондай-ақ, құжаттарды қабылдау кезінде бекітілген құжаттардан бөлек құжаттар қажет болған жағдайда, жеке тұлғалармен жұмыс жасау абонент бөлімінің дерекқор операторлары коңырау шалып сұрайтындығын айта кеткенім жөн болар.
  • Жылдамдықты қажет ететін, мезгілге бағынбайтын жұмыс қой. Мекеме мамандарына осы бағытта қаншалықты қолдау білдіріп, еңбектерін бағалайсыз?
  • Кәсіпорын қызметкерлерінің қайбір мәселелері болсын тыңдап, көмек көрсету мен қатар қолдау білдіруге әркез дайынмын. Себебі, әрбір қызметкердің артында бір отбасы тұратынын білемін. Тиісінше атқарған жұмыстарына қарай, еңбектерін бағалап, материалды қолдау шараларын қабылдаймыз. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда кәсіподақ комитеті өз жұмыс жүйелі жасауда және жастарымыз аптаның үш күнінде спортпен шұғылдануы үшін қаламыздағы «Абылайхан» колледжімен арнайы келісім шарт жасалған.
  • Сұхбатыңызға рақмет!

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған