QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

АФРИКАДАН АҒАШ АЛДЫРҒАН

ByQAA.kz

Мау 10, 2021

Ел аузында кәсіп бастау үшін әлдекімнің шәйпұлын беру керек деген қате пікір бар. Қате деуіміздің бас себебі, елден қалмай кәсіп ашып, таныс-тамырсыз өз істерін дөңгелетіп отырғандар санының артуында. Қаланың шет бөлігінде қазақтың аспаптарын жасаумен айналысатын «Жетіген» атты кіші кәсіп иелерінің жұмысын көріп те қайттық. Алақандай ғана аумақта отбасының мүшелері бірігіп, қазақтың домбырасын және тағы басқа ұмыт қалған қазақ аспаптарын жасаумен айналысуда. Ділмановтар әулеті 2019 жылы кәсіп ашуды қолдайтын бағдарлама арқылы 14 миллион теңге қаржы алып, өз кәсіптерін бастаған еді. 6 пайыздық несиенің арқасында түрлі аспаптар жасауға жол ашып, Қытайдан сан түрлі қондырғылар алып, жылдап, көз майын таусып түрлі аспаптарды жасауда. Бүгінгі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Біржан Ділмановтың өзі тіпті Африкадан ерекше ағаш алдырып, ең қымбат домбырасын жасауға да кірісіп кеткен көрінеді. Сан түрлі ағаштарды елдің өзге аймақтарынан және шет мемлекеттерден арнайы тапсырыспен алдырады. Өзінің қазіргі жасап жатқан домбырасы ең қымбат аспаптардың бірі. Бағалары ағашына, өзге де бағалы бұйымдарына тікелей байланысты. Олардың ең қымбаты кейде 400 мың теңгеден де асып жығылады. Орталықтың өзінде 30 дан аса аспап түрлері дайындалады. Әлгі Қытайдан алдырған қондырғылары ойға келмейтін дүниелерді істейді. Лазермен қырқады, ретін келтіріп, қалыпқа ендіреді. Ою өрнектің сұлбасын компютерге енгізіп, қалған істі автоматты түрде бітуін ғана күтеді. Ділмановтар жасаған аспаптың дауысын, қабілетін тексеруге кәсіби домбырашы, қобызшылар арнайы келіп, бағасын береді.

Дамир АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған