QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

2021 жылы қанша қазақстандық жұмыссыз қалады?

ByQAA.kz

Сәу 16, 2021

2021 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% пайызды қамтымақ – бұл 2020 жылмен салыстырғанда бірдей көрсеткіш. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, соңғы үш жылда жұмыс күшінің саны 43 мың адамға артты.

– Бұл жұмысшылар санының 75 мың адамға өсуі және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 37 мың адамға азаюы аясында орын алды. Сонымен бірге, еңбек нарығын сипаттайтын негізгі көрсеткіш – жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалды,- деп хабарлады вице-министр бейсенбі, 15 сәуірде өткен брифингте.

Қазіргі күні еңбек ететін 8,7 миллион адамның 4,1 миллионы жұмыс тан шықпайтыны анық. Себебі, дәл осы адамдар елге ең керекті мамандық иелері. Оның ішінде коммуналдық, ауылдық шаруашылықтар және дәрігер сынды қызметкерлер бар. 2,5 миллион адам қашықтықтан жұмыс жасауға көшуі мүмкін. Жұмыссыз қалады деген болжаммен есепке алынған 2 миллион азамат бар. Алайда, олардың жұмыссыз қалуы нақты шешімдер мен тосыннан келген қиын жағдайларға байланысты көрінеді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған