Қазақстандағы тәулік сайынғы індет жұқтырып жатқан жұрттың саны орта есеппен 80 адамға жуық. Жаңа штаммның әсерінен бұл көрсеткіш 5 есеге жоғарылаған. Дельтаға қарағанда 70 пайыз тез жұғатын Омикрон алдымен тамақты ауыртып, дене қызуын көтеріп ағзаны әлсіретеді. Қазір 11 облыста жағдай нашарлады. Еліміз эпидахуал матрицасы бойынша қауіптің сары деңгейінде.

  • Омикрон вакцина алғандарға қауіпті емес. Әйтсе де арқаны кеңге салуға болмайды. Екпе алмағандарда вирустың емделуі өте ауыр өтеді. Қазір бірнеше елдерде жаңа штаммен күрес басталып кетті,-дейді ДДҰ басшысы.

Сондықтан елде қайта екпелеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қаңтардың 18-дегі ҚР ДСМ-нің мәліметі бойынша қайта екпелеудің бірінші кезеңінен өткен жасөспірімдер саны 364,591, аяғы ауыр әйелдер саны 24 813, ал балалы әйелдер саны 63 430-ды құрайды. Сәйкесінше, екінші кезеңінен өткен жасөспірімдер 191 165, аяғы ауыр әйелдер 12 302-і, ал балалы әйелдер саны 33 311-ді құрайды екен.
Тағы да ескеретін жәйт, «Омикронның» басты белгілері ОРВИ-ге ұқсас келеді. Сондықтан, ұқсас симптомдар байқалса үйден шықпаған дұрыс дейді мамандар. Ал елдегі «Омикронның» көбеюіне тұрғындардың карантин талаптарын сақтамай, көшеде көп жүріп, бетперде режимін сақтамауы сеп болып отыр дейді дәрігерлер.

Д.АМАНГЕЛДІ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here