QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Азық-түлік әмиянды аздыра ма?

ByQAA.kz

Мам 26, 2021

Бүгінде халық арасында азық-түлік бойынша мәселе кең етек алуда. Бірінші мәселе азық-түлік бағасы болса, екінші мәселе азық-түлік қауіпсіздігі. Халықтың әлеуметтік жағдайы әртүрлі болғандықтан, азық-түлік бағасына бірі наразылық тудырса, екінші бірі сол бағаны керісінше өсіру туралы ой қозғауда.

Жалпы Қазақстанда  көптеген азық-түліктерді сырттан алдырмай-ақ,  отандық өнімді шығару мүмкіндігі көп. Алайда халықтың еріншектігі ме, қорқынышы ма, әлде билік тарапынан қозғалыс жоқтығы ма? Өзіміздің әліміз келе тұра, азық-түліктерді шет елден алдырып жатамыз. Десе де, ол азық-түліктің қауіпсіз болатынына, халқымыздың денсаулығына  кері әсер алып келмейтініне кім кепіл? Осындай шекара асып келетін азық-түліктің күндіз-түні кірпік қақпай қадағалаулы деп бірде-бір ұйым кесіп айта алмайды «Ауру – астан»- демекші қазірде азық-түліктен неше түрі қайғылы жайттар белең алуда. Ескі жараның аузын қайта тырнап қанатқымыз жоқ. Алайда нан өнімдерінен темір-терсек, қоқым сияқты заттар табылуы, жеміс-жидектер ортасында сым табылу секілді жайттар орын алуда.  Бұл дегеніміз ең бірінші бақылау мен қадағалау жүйесінің тиімсіздігінен болып отыр. Яғни, елімізге әкелінетін тамақ өнімдеріндегі қоспалар мен бояғыштардың, организмге кері әсер беретін белсенді қоспалардың айналымына дұрыс көңіл бөлмеуінде. Келіспеске шара жоқ.  Өзіміздің тамақ өнеркәсібі ішкі нарықты 100 пайыз жаулаған емес.  Ал егерде бұл нәрсеге назар аударылса, мүмкін өмір сүру деңгейінің сапасы артар ма еді.

«Байқоныр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Жақыпбаев Байқоңыр қаласындағы барлық азық-түлік  дүкендерінде  халыққа арнайы сенім жәшігі жасалынып халыққа қолайлы жағдай жасау үшін, осы проблеммалармен жұмыс жасап жатқандығын айтты. Ендігі сұрақ осы секілді сенім жәшігі, арыз-шағым кітапшасы неліктен біздің облыста жасалынбайды?

Пандемия қалыпты тіршілікке айтарлықтай әсер етті. Осындай пандемия уақытында көптеген отбасы мүшелері, бизнес өкілдері мен қызметкерлері жұмысынан айрылып, тіпті банкрот болып жатыр. Онымен қоса, халық қалтасына ауыр жүк салып, азық-түлік бағасы күрт өсуі халықты наразылыққа ұшыратқаны рас. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі ұсынған ақпарат бойынша, маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары жыл басынан бастап ағымдағы жылдың 4 мамырына дейін 4,8% көтерілгені. Сонымен бірге сәуірде тауарлардың құны 1,7%-ға өсті. Деректер бойынша  Қызылорда облысында 4.4% өсім байқалуда.

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың 1 курс студенті Д.Қалдыбек

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған