QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Эскобардың өлтіру» кімнің ойы?

Автор:QAA.kz

Мар 15, 2021

1989 жылы шотландтық Питер МакЭлис бастаған британдық жалдамалы жасақ әлемдегі ең қауіпті деп саналатын адамды жою үшін Пабло Эскобардың кокаин империясына сапар шекті.

Колумбиялық Меделлин картелінің жетекшісі, тарихтағы ең бай қылмыскерлердің бірі Пабло Эскобар кокаиннің ең ірі өндірушісі және сатушысы болды. Оның картелі әлемдегі есірткі айналымының 80% -на дейін қамтамасыз етті.

Колумбияның қарсылас тобы Эскобардан құтылу үшін ардагер SAS арнайы жасағын жалдады. Жаңа «Эскобарды өлтір» деректі фильмі осы операция туралы, оның сәтсіздігі және қатысушылардың бірі туралы баяндайды.

1969 жылы Борнео джунглидегі арнайы операцияларға қатысқаннан кейін, SAS Бруней сұлтанына Индонезияны қолдаған көтерілісшілерге қарсы күресте көмектесті, ол армиядан бас тартты. Ол бұл шешімді өзінің өміріндегі басты қателік деп санайды.

Ардагер жауынгер бір жұмыстан екінші жұмысқа қаңғып, еш жерде ұзақ тұрған жоқ. Ол өзін жоғалтқандай сезініп ашуланшақ болды, сондай-ақ, сүйіктісін ұрғаны үшін түрмеге қамалды.

Бостандыққа шыққан МакЭлис «сәттілік сарбазына» айналды. Ол әскерде алған дағдыларын Ангола, Оңтүстік Родезия (қазіргі Зимбабве) және Оңтүстік Африкадағы істерінде қолданды.

1976 жылы Анголада ол елге мәлім Дейв Томкинспен кездесті. Ол өте жақсы сарбаз емес еді, бірақ мәміле жасауды және қару-жарақ алуды білетін. МакКолиске Эскобарды өлтіруге бұйрық берген Томкинс болды.

12 жалдамалы жендетпен Эскобардың үйін қарауылдап, аңдыған көрінеді. Оның сөзінде Эскобардың үйі зәулім сарай, ол жақта асыл тұқымды жануарлар, құстар мен аңдар болған.

Эскобар үйіне келді дегенді естіген бойда тікұшақпен үйіне аттанады. Алайда, күннің тұман болғандығынан МакКолис мінген тікұшақ тау бөктерінде аударылды. Бұл әрекетті кейіннен бір жендеп, газеттерге сатып жіберген. Осылайша Эскобардың өле сақтағаны жайлы жаңалық әлемге тарайды.

Өзіне қастандық істелмек болғанын сезген Эскобар тауды тінтітіп, МакКолсті таба алмапты. МакКолистің сөзінше ол тау бөктерінде 3 күн жаралы халде жатып, құдайдан көмек сұраған. Егер оны Эскобар тауып алған жағдайда, оның азаптанып өлетіні анық еді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *