"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Есірткісіз өмір ғажайып!

ByQAA.kz

Қар 4, 2021

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

Есірткі – ол адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Айтпаса да түсінікті, бұл адам ішіндегі құбылыс небір озбыр қимылдарға тіпті тіршілікке, болашақ ұрпаққа да үлкен зардап әкелетіні сөзсіз.

Абай атамыз айтпақшы:

Ғалымнан надан артпас ұққанменен,

Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен.

О-дағы қалыбынан аса алмайды,

Жауқазын ерте көктеп шыққанменен.

Менің жасым әлі кәмелеттік жасқа жетпесе де, айналамда болып жатқан түрлі құбылыстардан хабарым бар, әрі бұл тақырыпта талай рет мектебімізде арнаулы сағаттар мен мониторингтер жүргізілген.

Жалпы өз ойыммен айтар болсам, нашақорлықты өте жағымсыз әрекет екенін білемін. Мен ғана емес көзі ашық, көкірегі ояу жандардың барлығы да дәл осындай пікірде деп ойлаймын.

Жақында бір телеарналардың бірінен мынадай нәрсені құлағым шалып қалды. Осы алдынғы ғасырларда көшеде қол ұстаса кетіп бара жатқан ғашықтарды көрмейтін-мыс. Осы ойды менде қызыға, расымен ау ол кездерде бұндай іс әрекеттерді еш жерде баяндап әңгімелейтінін көрмеппін, неліктен олай болған екен деген оймен аға буын өкілдерінен сұрауды шештім. Сондағы олардың айтқаны, көшеде ондай әрекеттерді көрмейтінбіз, себебі көшеде соғыс көрген, небір қиын замандардан өткен, сондай бір кездерде жұптарын жоғалтқан қанша ата-әжелеріміз қарайды. Біз үшін соғысқан жандар ғой, сол кісілерге ауыр тимесінші, өкініш өзегін тұтатпасын деген оймен тәрбие алғанбыз дейді. Міне, тақырыптың төркіні қайда жатыр… Ал қазіргі жастар ше? Олар соғыс түгілі ауылдың түтінін иіскемеген, эстрада жұлдыздарының гивтері мен блогерлердің ойға симайтын киім үлгілерін жарыса алғаннан, жарыса жаңа айфонның үлгісін талдағаннан басқа не көрді? Оны жақсысы да жаманы да жасап жатыр ғой, қазір 21-ші ғасыр емес пе деп маған қарсы келетін адамдар міндетті түрде кездеседі. Иә, оған келісемін, бірақ, әлеуметтік желіден, түрлі батыстың арам пиғылды трендтерін айналдырып, жаманды жақсы қылып жатыр емес пе?! Сондай бір қылықсыз әрекет жастардың арасына тарап жатқаны- нашақорлық, есірткіге тәуелділік. Негізі менің байқағаным, бұған жол беріп жатқан, әрине, бірінші жастардың өзі. Бірақ дегенменен аға буыннан да бар сияқты шамасы. Байқап та жатқан шығарсыздар, кейде бір көпті көрген, үлкен кісімен әңгіме барысында, шылымын шығарып түтіндетіп отырады. Ағау, осы бір шылымның рахаты бар ма десең, жауаптарына таң қалдым. Бізде сол кезінде ауылда бір көрейінші, бір тартамнан басталып, әлі қойғыздырар емес дейді. Білесіз бе, осы жерден бастап, жас баланың ойы өзгере бастайды. Мына ағам көрді ғой, өліп қалған жоқ, менде көрейінші, онысымен қоймай шегуінің өзі бір тәбетті ашқандай деп, ойы өзгереді. Аға буынның кінәсі осы жерден деп ойлаймын. Бала не көрсе, соны істейді емес пе, сол кісі секілді оның да мықты мұғалім, мықты инженер болғысы келеді. Соған еліктейді, оны аңғармаған аға буын көзінше жаман қылық екенін біле тұра жасайды. Бұл жерде айтпағым, көптеген жас жеткіншектер еліктейтін кумирлері бар. Көбіне блогер репэрлер. Олар не істегендерін көрмейін десеңіз, қоршаған ортамда жанкүйерлері қаншама…. Сұхбат беріп отырса да, әлеуметтік желіде тікелей эфирде отырса да тастамайтыны электронды темекі немесе алкаголь. Енді айтыңызшы, осыларға еліктеп жүрген жастарға, аға-әпкелерге не айтамыз…?

Қорыта айтқанда, бұл есірткі деген аурумен жалпы әлем болып күресуіміз керек. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халықтың денсаулығын нығайту. Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екендігін мойындап, өздігімізден білім алу арқылы сананы соған бағыттап отыруымыз қажет. Себебі мемлекетіміздің күш-қуатының артып, халқымыздың әл-қуатының жақсаруы үшін оған дені сау, білімді, мәдениетті ұрпақ керек. Мәңгілік елдің көк жалауында, мәңгілік қазақ елінің шарықтап, озарына мен сенемін. Қазақ болу –статус. Сол статусты абыроймен алып жүру, болашақтың тізгінін ұстайтын мынау біздердің еншімізде.

Олай болса, достарым, біз жаман әдеттерден ада болып, салауатты өмір салтын ұстана жүріп, Қазақ елінің жарқын болашағын бірге құрайық дегім келеді.

Абай атындағы ДБА мектебінің оқушысы

Бөрібай Дәулет

#есірткеге қарсы байқауы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған