QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қазақстаным!

ByQAA.kz

Мау 4, 2021

Қазақстан кең байтақ елім» туралы әңгімелейтін боламыз. Қазақстан елі, егемендік алғаннан бері санамыз қайта жаңара бастады. Жаңғырған елдің болашағы мына отырған сендерсіңдер, Қазақстан кең байтақ ел, сол елді қорғайтын нағыз азаматтар өздеріңсіңдер. Кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, жылы көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Әрине, бұл – қазақ жұрты, барлық Қазақстан елін ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Ол – ән, ол – жыр, ол – әдемілік, ол – асыл арман, ол – шалқыған шаттық, ол – көркейген сәулет! Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында. Бар әлемді бір дүр сілкіндірген табыстарымыздың ұйтқысы да – осында.

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, – деп Ж.Молдағалиев жырлағандай қазақ елі барлық ауыртпалыққа төзе білген батыр халық, ержүрек халық!

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Осы жер оны өткенімен және болашағымен байланыстырады. Ата-баларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап бізге аманат етіп қалдырған асыл қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Біздей жас ұрпаққа аманат етіп калдырған елімізді қорғап келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру тек біздің қолымызда. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың 1 курс студенті: А.ЕРЖАНАТ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған