QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Анаға сағыныш

ByQAA.kz

Мау 4, 2021

Анашым сезесің бе шаршадым,

Қара түнде жамылып ап көрпені,

Сағыныш пен, жылауменен,

Сізді аңсадым.

Өзің едің бұл өмірде тірегім,

Жыласам да,сұрасам да,

Сен едің…

Әттең бір көруге зар болдым,

Ішім толы мұң болса да,

Бүгінде қан жылайды жүрегім.

Себебі, сағынып өзінді жүремін,

Анашым сезесің бе шаршадым,

Сенің ғана сөздеріне зәрумін.

Құлыным деген сөздерді,

Сені ғана сағынып,мен аңсадым.

Сендей жан еш әлемде тапаймын,

Анашым сезесің бе шаршадым.

Ішім толы ыза,мұң,ашу,

Алдына барып ақтарылғым-ақ келеді.

Әттең, әттең бара алмаймын қасына,

Мен кеткелі екі жыл болды қасынан,

Бейнеңді, айтылған сөзіңді,

Сағындым,Анашым.

Мейірімге толы жанарың мен көңінді,

Сағындым,сағындым,

Анашым өзіңді.

А.ЕРЖАНАТ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған