QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Мектеп оқушылары мұражайда

Автор:QAA.kz

Июн 4, 2021

Өзіміздің қаладағы П.Д Осипенко атындағы нөмірі 8-ші мектептің 7-ші «А», «Б» сынып оқушылары  облыстық мұражайға бас сұқты. Әу баста, музейдің қонақтары көргені көп, білімге ұмтылатын кісілер еді. Оқушылардың білімі жинақталып, біраз тарихтың тереңдігін ұғынып, музейдегі гидпен сәтті саяхат өткізді. Жетекшілері Тасқараева Жанармен бірге жазғы мектеп оқушылары өлкенің, әлемнің тарихына үңіліп, күллі дүниелерге куә болып қайтты.

Мұндағы басты жаңалықтың бірі, өңірлік мұражайдың ұйымдастырған «Ел рәміздері-елдігіміздің негізі» атты көрмемен танысып, рәміздер жайлы ақпарат алып, оның авторлары туралы мәліметке қанық болды.

Өлкелік мұражайда өнер, тарих, ел мен қаланың қалыптасуының куәсі болған түрлі бұйымдар, баға жетпес ақпараттар сақталған. Алдағы жазғы демалыс кезінде, өңірге қарасты мектептерге үлгі болып, өзге де мектеп оқушыларын мұражайдағы саяхатқа қызықтыратыны сөзсіз.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *