QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібі

Автор:QAA.kz

Июн 15, 2021

ҚР Еңбек кодексінің 200-бабына сәйкес, жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.

 Декларациялау өлшемшарттарды (көрсеткіштерді) салыстыру арқылы жүзеге асырылады, олар бойынша жұмыс беруші өз қызметінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігіне өз бетінше бағалау жүргізеді.

Жұмыс беруші қызметін декларациялау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларына» (ары қарай-Қағида) сәйкес жүзе асырылады.

Жұмыс беруші қызметін декларациялауға өтінім беру үшін «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы өтінім-декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады және оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға жібереді.

«Еңбек инспекциясы бойынша жергілікті орган декларация қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Жұмыс беруші «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде қабылданған шешім туралы хабарлама алады.

Жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган құрған жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұсынымы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган қабылдайды.

Комиссия құрамына міндетті түрде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, жұмыс берушілердің өңірлік бірлестігінің және кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің өкілдері кіреді.

Комиссия отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары бару нәтижелері бойынша жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды (ақпарат) жасайды, ол комиссия қарауына шығарылады.

Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сай деп танылған жұмыс берушілерге олардың қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге Сенім сертификаты тапсырылады.

Сенім сертификаты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды қалыптастырған кезде ескеріледі.

Сенім сертификатының иегері – жұмыс берушіге қатысты барып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

Қызылорда облысының еңбек

саласындағы бақылау басқармасының

бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы  Б.Тәңірбергенұлы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *