QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ӘКІММЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

ByQAA.kz

Мау 24, 2021

Қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы әр аптаның бір күнін депутаттарға арнап, олар көтерген әр мәселеге зер салып келеді. Жақында аталған кездесуге қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Гүлшат Мұсаева, «Қазақстан халық партиясының» мүшелері Қайрат Ерназаров, Талғат Телеубаев қатысты.
Әкіммен кездесу кезінде депутаттар үнсіз қалмады. Қызылжарма ауылдық округіндегі жаңа тұрғын аудандарына талапқа сай электр желілерін жүргізу, ауылдың әлеуметтік нысандарға қатынайтын көшелерін жөндеу, ауылдың Р.Батырбаев 2а көпқабатты тұрғын үйін кәріз су желісіне қосу және «Талсуат» ауылдық округіндегі электр желісін жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңге бөліп ұйымдастыру, аяқ су мәселесі, СПМК-70 ауданынан №264 мектепке қатынайтын оқушыларға ынғайлы жағдай жасау мақсатында «Форте банк» ғимараты мен Білім инновациялық лицейі арасына жаяу жүргінші жолын салу мәселелері көтерілді.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған