QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Марстан қала салады

ByQAA.kz

Нау 10, 2021

Масктың Марс бетіне қала тұрғызбақ ниеті бар. Алдағы он жылда Марс ғаламшарына адамдар баратындай етемін деп бел буған Маск осы бастан зымыранмен ұшу билетерін сатпақ ниетін білдірді. Болжам бойынша Марсқа ұшатын билеттің бағасы 200 000 АҚШ долларын құрамақ.

Бірақ, Марсқа бос барып қайтқаннан пайда жоқ. Сондықтан, Илон Маск қызыл ғаламшарға қала тұрғызбақ. Қаланы тұрғызуға жерде жоқ ақшаның кететіні де мәлім болды. Макстың твиттер парақшасында Марста тұрғызылатын қаланың шығыны 100 миллиард доллардан 10 триллион долларға дейін жетуі мүмкін деп хабарланған.

Марстағы қаланың өзіне жерден кететін шикізат көлемі миллион тоннаға жуық болса, адам басына сатылатын билеттердің 200 мың доллардан артық сатылатыны анық. Оның үстіне дәл осындай қаражатқа Америкадан тәуір үйді де алуға болады.

2024 жылы Марсқа адам ұшырмақ Масктың ойы ойыншық емес секілді. Өз сөзінде ол адамзаттың ғарышты игеруі әлемнің жаңа заманға қадам басқанын білдері деген.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған