Ол — жаңашылдығымен көп назарындағы әкім. Қызмет жолында талай мансап баспалдағынан өтсе де, ауданға әкім болуы бірінші рет. Менталитеті де, тұрмыс-салты да өзге аудандарға ұқсай бермейтін Жаңақорған ауданына әкім болып тағайындалуы оның іскерлік қабілетін аша түсті. Қазір Ғалым Әміреев Жаңақорған ауданына тек жергілікті тұрғындардан бөлек мекен-жайына, аудан-ауылына қарамастан барша жұртты кәсіп бастауға шақырып жүр. Бір сөзбен айтқанда, ол — бүгінгі уақыт әкімі.
Сәті түскенде Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреевпен сұхбаттастық…
— Жаңақорған десе, елдің есіне алдымен қарбыз түседі. Жаңақорғандықтар үшін қарбыздан өзге кәсіп көзі жоқ сияқты…
— Себебі, Жайылманың қарбызы Жаңақорғанның брендіне айналды. Бұл бақша дақылының сапалық жұмыстарына мән беру арқылы қол жеткізіп отыр. Мәселен, биыл жайылмалық диқандар қарбыздың «FORA F1» түрін аудандастырып, мол өнім алды. Жаңа сортқа нарықта сұраныс артып, қарбыз толығымен сатылып кетті.
Жалпы, Жаңақорғанда кәсіп түрі көп. Мәселен, бір ғана мал шаруашылығын алуға болады. Сыр өңіріндегі төрт түліктің басым бөлігі Жаңақорған ауданында деп мақтанышпен айтуға болады. Мәселен, облыстағы ірі қараның 20 пайызы, қой мен ешкінің 35 пайызы, жылқының 12,5 пайызы біздің ауданда. Малдың басы бұл ең берекелі 1993 жылдан екі есе өсті. Соңғы бес жылды сараласақ, ірі қара саны 20301 басқа, қой мен ешкі 34920 басқа, жылқы 5582 басқа артты. Мұндай табысқа жетуде шаруалар мемлекеттің қолдауын сезінді. Соңғы бес жылда Жаңақорған ауданы бойынша мал шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан 2814695,8 мың теңге субсидия берілді. Ауылшаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге жоғарылады. Меншік қаражаты есебінен 18,9 миллиард теңгені құрады.
— «Генерал болуды армандамайтын солдат жоқ» демекші, әкім болғанға дейін «әкім болсам» деп өзіңізше мақсат, жоспар сызған кезіңіз болған шығар?..
— Менің еңбек жолым кәсіпкерлікпен айналысудан басталды. Кәсіп бастап көрдім, қыр-сырын үйрендім, мұнан соң мемлекеттік қызметтің баспалдағынан өтіп келемін. Қай кезде де менің алдыма қойған мақсатым — қолға алған істі соңына дейін жеткізу. Қандай кедергі, қандай қиындық болса да қолға алған істі соңына дейін жеткізуді ұстаным еттім. Әйтпесе, қай салада, қай қызметте жүрсем де мен әкім болсам деп армандаған емеспін.
— Жаңақорған ауданының сіз байқаған ерекшелігі: ұнағаны немесе сізге ұнамаған тұсы…
— Әрине, кез-келген ауданның өзіне тән ерекшелігі болады. Кәсібі, жұмысы, тұрғындардың көзқарасы дегендей. Жаңақорғандықтардың да өзіне тән ерекшеліктері бар. Дегенмен, маған ұнамаған тұсы деп айтатын ешнәрсе жоқ екен.
— Ауданға әкім болып барғанда ең бірінші қолға алған ісіңіз?..
— Жұмыс бар елде береке, бірлік болады. Мұны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Аудандағы жұмысқа жарамды азаматтың барлығы бос жүрмеуге тиіс. Менің әкім ретінде ең алдымен назар аударған мәселем осы болды. Әрине, кез-келген әкім елдің ішінде жұмыссыздықты азайтып, халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді. Сол үшін жұмыссыздықпен күресуде, елді еңбек етуге шақыру үшін аудандағы мүмкіндіктерді зерттеп, елдің жұмыс істеп, табыс табуына мүмкіндік жасау керек. Бұл мақсатта аудандағы ауылшаруашылығы саласының мүмкіндіктерін кеңейту, импорттық тауарларды азайту, ауданда кенжелеп қалған шаруашылықтарды ілгерілету, ауылшаруашылық саласында заманауи технологияның үлесін арттыру, өнімділігі жоғары тұқымдарды аудандастыру, инвестиция тарту секілді мәселелер шешімін табу қажет. Сол себепті аудандағы жұмыс жүйесін осы бағытқа құрдық.
-Жаңақорған ауданы ірі өндіріс орындарымен де мақтана алады. Неге егін шаруашылығынан бастадыңыз?
— Аудан тұрғындары ауылшаруашылығы саласына бейімделген. Сол себепті елдің кәсіпке бейім саласына қарай ауылшаруашылығы саласын модернизациялап, халыққа табыс табудың көзін көрсету маңызды болды.
— Демек, бұл салаға жаңа бетбұрыстар қажет дейсіз ғой…
— Әрине. Ескі сүрлеу даму жолына алып бармайды. Уақыт талабына сай жаңашылдық қажет. Мәселен, өткен жылы өнімділігі жоғары, әрі нарықта бағасы қымбат «Лидер» «Фаворит» тұқымдарын аудандастырудың нәтижесінде мол өнім жиналды. Жыл қорытындысында «Үздік аудан» атандық.
Өткен жылы Жаңақорған кентінде агро-индустриялық аймақтар құрылса, биыл оған ауылдық округтерді қостық. Бұл не үшін қажет? Себебі, арнайы аймақтар арқылы жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін шешуге болады. Оған нақты қадам жасап, қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен іскерлік байланыс орнатып, меморандумға қол қойдық.
Бүгінде ғылыми-зерттеу институтының қорынан әлемнің 100 елінен әкелінген көкөністердің 157 түрінің 12000 дана үлгісі институттың көкөніс-бақша дақылдары гендік қорын табасыз. Қазіргі уақытта әлемнің 40 елінен әкелінген 2100 картоптың гендік қоры сақталған. Қысқа және ұзақ мерзімді жинайтын, қыста сақтауға төзімді және маусымдық мезгілде қолданатын көкөніс және бақша дақылдарының сорттары бар. Бұл — үлкен байлық. Осындай мүмкіндікті пайдалану арқылы өнімділікті әрі сапаны арттыруға болады.
Институт агро-индустриялық аймақтарды игеретін диқандарды сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп, ғылыми сүйемелдеуі тиіс болатын. Алайда жауын-шашынның аз түсуі және Сырдариядағы судың мөлшері аз болуына байланысты агроаймақтардың жұмысына кедергі болды.
— Жаңақорған десе, елдің есіне алдымен қарбыз түседі. Жаңақорғандықтар үшін қарбыздан өзге кәсіп көзі жоқ сияқты…
— Себебі, Жайылманың қарбызы Жаңақорғанның брендіне айналды. Бұл бақша дақылының сапалық жұмыстарына мән беру арқылы қол жеткізіп отыр. Мәселен, биыл жайылмалық диқандар қарбыздың «FORA F1» түрін аудандастырып, мол өнім алды. Жаңа сортқа нарықта сұраныс артып, қарбыз толығымен сатылып кетті.
Жалпы, Жаңақорғанда кәсіп түрі көп. Мәселен, бір ғана мал шаруашылығын алуға болады. Сыр өңіріндегі төрт түліктің басым бөлігі Жаңақорған ауданында деп мақтанышпен айтуға болады. Мәселен, облыстағы ірі қараның 20 пайызы, қой мен ешкінің 35 пайызы, жылқының 12,5 пайызы біздің ауданда. Малдың басы бұл ең берекелі 1993 жылдан екі есе өсті. Соңғы бес жылды сараласақ, ірі қара саны 20301 басқа, қой мен ешкі 34920 басқа, жылқы 5582 басқа артты. Мұндай табысқа жетуде шаруалар мемлекеттің қолдауын сезінді. Соңғы бес жылда Жаңақорған ауданы бойынша мал шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан 2814695,8 мың теңге субсидия берілді. Ауылшаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге жоғарылады. Меншік қаражаты есебінен 18,9 миллиард теңгені құрады.
— Кәсіпкерлік көрсеткіші қағазда ғана ма, іс жүзінде ме?
— Облыс әкімі биылғы жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады. Кәсіпкерлік саласын дамытуға мүмкіндік көп. Сондықтан тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оларды ынталандырып, табыс тұрақты болатынына көз жеткізу керек. Осы мақсаттағы жұмыстар жүйелі жүргізілді. Нәтижесінде облыс бойынша белсенді кәсіпкерлер бойынша көш бастаймыз. Яғни, қағаздағы емес, нақты жұмыс жасайтын кәсіпкерлер саны 9235 адамды құрайды. 2018 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны -3753. Оның 254-і заңды тұлға, 1327-і шаруа қожалығы, 2172-і жеке кәсіпкерлер.
— Кәсіп бастаймын дегенге қандай жағдай жасап жатсыз?
-Кәсіппен айналысамын деушілерге барлық есікті аштық. Тіптен, ауылдық округ әкімдері бірге жүріп құжаттарын дайындауға пәрмен бердім. Соның нәтижесінде «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамту», «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес ауданда үстіміздегі жылы 250 жоба бойынша несие алу жұмысы жоспарланған. Бағдарламаның екінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасына 92 адам оқып, сертификатын алса, «Бизнес-Кеңесші» жобасына биылғы жылы барлығы 129 адам оқыды.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұсынысымен 1029,5 млн. теңгенің 221 жобасы несиелендіру үшін «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына ұсынылды. Осының ішінен 255,5 млн. теңгенің 86 жобасы мақұлданып, ішінара қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне 176 млн. теңгенің 56 жобасы бойынша несие беріліп, жұмыс жүргізілуде.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 40,0 млн. теңге болатын 2 жоба несиемен қаржыландырылған.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты үстіміздегі жылы ауданнан 75 жоба ұсынылған. Осы жобалардың ішінен құны 21 миллион 127 мың теңгені құрайтын 19 жоба грантты жеңіп алған. Алдағы облыстық комиссияның шешімімен жеңімпаз грант иелері қомақты қаржыға қол жеткізу арқылы кәсіптерін бастайтын болады.
— Үкіметте кәсіпкерлікті дамытуды үлгі еткен бірден-бір аудан ретінде сөз сөйледіңіз…
— Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Vсъезінде кәсіпкерлік саласының дамуы мен перспективалары талқыланды. Шара аясында отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша және палатаның өңіраралық атқарған жұмысы жайлы басқосу өтті. Соның бірі — «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Қаржауовтың төрағалығымен облыстық, аудандық филиал басшыларымен өткен кездесу. Осы кездесуде мен Жаңақорған ауданында кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған бастамаларға тоқталдым. Жаңақорған ауданында атқарылған игі бастаманың бірі — үздік аймақтар мен институттармен тәжірибе алмасудың жолға қойылғанын, «Агро экспресс» оқыту семинарының маңызына, агро-индустриялық аймақтардың кәсіпкерлікті дамытудың тың тетігі екенін баяндадым.
— Әкім ретінде қай саланы айтып мақтанар едіңіз?..
— Жақсы әкім барлық саланы дамытуы тиіс. Егер біріне басымдық беріп, екіншісін кейінге қалдыра берсе, өркендеу болмайды. Экономиканы көтеру үшін адам интеллектісін көтеру қажет. Жалпы, біз көп сала бойынша облыста көш ілгеріміз. Бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі.
— Ауданда әкім Әміреев әлі келмеген мәселе бар ма?
— Қайсыбір мәселеге әкімнің әлі келмей жатса, не болғаны?! Мұндай мәселе болмауы қажет. Есебін тауып, күрмеуін шешіп, нәтижеге қалайда жету керек.
— Әкім ретінде ұстанымыңыз…
— Ашықтық пен жариялылық. Бұл жұмысты жеңілдетеді. Біз халыққа қызмет етеміз. Жұмысымызды халық бағалайды. Өткен жылдан бастап ауылда сала басшылары мен мектеп директорлары әлеуметтік желілер арқылы халықпен дидарласып, есеп берді. Аудандағы атқарылған барлық жұмыстарға халық әлеуметтік желілер арқылы өз пікірін білдіріп жатады. Арнайы «Open Janakorgan» және «Өзекті мәселелер Жаңақорған» атты парақша жұмыс жасайды. Біз соны басшылыққа алып, кемшілікті жойып келеміз.
— Ауданның 90 жылдығын атап өтуге дайындық барысы қалай?
— Бұл — өткенге есеп беріп, келешекке нық қадам жасау үшін қажетті той. Дайындық жұмыстарын пысықтап, өткізілетін мәдени-рухани шараларды жүйелеп қойдық. Айта кетелік, ауданның 90 жылдығымен қатар «Жаңақорған тынысы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 85 жылдығын тамыз айында атап өтеміз. Сонымен қатар халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтпек.
— Сұхбатыңызға рахмет.
Г.ДІЛДӘБЕКОВА