"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа форматына көшу басты назарда»

ByQAA.kz

Там 17, 2021

Гарнизон әскери прокуратурасы өзінің қалыптасуының белгілі бір жолынан өтуде. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ажырамас бөлігі бола отырып, әскери прокуратура Қарулы Күштердегі ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған аса маңызды міндеттерді орындап келеді. Қорғаныс әлеуетін күшейтуге, үздік әскери дәстүрлерді сақтауға, тәртіпті сақтауға, жастарды әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесіне дамытуға ықпал етуде.

Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының күнделікті қызметі қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын, әскери қауіпсіздікті, гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің тұрақты жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін, қатаң әскери тәртіпті және әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібін прокурорлық қадағалауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет пен халық мүддесіне берілгендік, адалдық пен жауапкершілік –бұл Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының бүгінгі жұмысының басты құрамдас бөлігі.

Бас əскери прокуратура тапсырмаларын орындау мақсатында Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының қадағалау аумағындағы қылмыстық қудалау органдары жəне аумақтық ішкі істер органдарында əскери прокуратура қызметкерлерінің қылмыстық-процестік заңнамада көзделген шектеулерді ескере отырып, тергеу əрекеттеріне семинар кеңестің өткізілуі ұйымдастырылуда.

Қасақана кісі өлтіру туралы істер бойынша прокурорлардың шешімін қабылдау тетігін пилоттық апробациялауға дайындығына байланысты Қызылорда облысының прокуратурасымен өзара-іс қимыл туралы Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы бірқатар дайындық іс-шараларын, оның ішінде дәріс және практикалық сабақтар өткізе отырып, оқиға болған жерді қарап шығу және мәйітті қарап шығу тактикасы бойынша оқыту семинарлары өткізілді.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының прокуратурасында және «Болашақ» университетінде семинар – кеңестер өткізілді.

Аталған семинарларға қалалық және аудандық прокурорлар, олардың орынбасарлары, полиция департаментінің басшылығы, тергеу сотының судьялары, сот сараптамасы институтының сарапшылары, тергеушілер мен анықтаушылар, адвокаттар, сондай-ақ прокуратура және полиция органдарының ардагерлері қатысты.

 Семинар-кеңесте 01.07.2021 жылдан бастап қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа форматына көшу және кісі өлтіру істері бойынша негізгі шешімдер қабылдау мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, аталған кеңесте ситуациялық жағдайда сот-медициналық сарапшының, сарапшы криминалистің қатысуымен тұрмыстық және көшедегі кісі өлтіру оқиғасы болған жерді қарап шығу тәртібі көрсетілді. 

Бұдан бөлек, осы жылы Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасы және Қызылорда облысының полиция департаменті арасында өзара қызмет және ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.

Бұдан әрі сот-медициналық сарапшылар мен университет оқытушыларының қатысуымен университеттің және полиция департаментінің криминалистикалық базасында теориялық және практикалық сабақтар өткізу жоспарлануда.

Гарнизонның әскери прокурорының орынбасары мен басқа да қызметкерлерінің тергеу жұмысының кәсіби деңгейі мен дағдыларын арттыру мақсатында, резонанстық оқиғалар орын алған кезде, мәйіттің табылғандығы және т.б. гарнизонның прокуратура қызметкерлері аумақтық прокурорлармен бірлесіп оқиға орнына баруды жүзеге асыруда. 

Алдағы уақытта, гарнизон әскери прокуратурасымен пилоттық сынақтан өткізу бойынша Бас әскери прокуратураның басшылығы қойған міндеттерге қол жеткізу үшін барлық тиісті шаралар қабылдану жоспарлануда.

Қызылорда гарнизоны

әскери прокурорының орынбасары 

Бағлан Қаратаев

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған