QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІ»

Автор:QAA.kz

Июл 29, 2021

Әскери прокуратура өзінің қалыптасуының белгілі бір жолынан өтті. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ажырамас бөлігі бола отырып, әскери прокуратура Қарулы Күштердегі ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған аса маңызды міндеттерді орындайды, қорғаныс әлеуетін күшейтуге, үздік әскери дәстүрлерді сақтауға және көбейтуге, тәртіпті сақтауға, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін дамытуға ықпал етеді.

Бұл жауапты міндеттерді өз ісіне берілген, өзінің кәсіби әскери борышын лайықты атқарып жүрген пікірлестер ұжымы табысты шешеді. Мемлекет пен халық мүддесіне берілгендік, адалдық пен жауапкершілік – Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының бүгінгі жұмысының басты құрамдас бөлігі.

Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының күнделікті қызметі толығымен қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын, әскери қауіпсіздікті, гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің тұрақты жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін, қатаң әскери тәртіпті және әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібін прокурорлық қадағалауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұдан басқа, әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің, әскери ведомстволардың азаматтық персоналының және басқа да азаматтардың конституциялық, өзге де құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау шаралары қабылдануда. Прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі ең алдымен мемлекетке залал келтірумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау, сондай-ақ кінәлі адамдардың құқыққа қарсы ісәрекеттерімен келтірілген залалды қалпына келтіруге прокурорлық қадағалаудың уақытылы және тиісті шараларын қабылдау болып табылады. Көптеген жағдайларда мемлекетке материалдық залал әскери бөлімдер мен мекемелердің материалдық жауапты лауазымды тұлғаларының қылмыстық-салғырттық әрекетінен (әрекетсіздігінен) келтіріледі. Осыған байланысты, оның тақырыбына қарамастан кез-келген тексеруді немесе талдау жүргізу кезінде әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз етумен қатар, мемлекетке материалдық залал келтіру, әскери мүлікті және қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқыру үшін қолайлы жағдайлар жасау фактілерін анықтауға ерекше назар аударылады.

Әскери прокуратура органдары Бас Прокурор мен Бас әскери прокурор қойған міндеттерді ескере отырып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу жөнінде елеулі жұмыс атқарды.

Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы қабылдаған шаралар белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Соңғы бес жыл ішінде мемлекет кірісіне ден қою шараларымен 30 млн. теңгеден астам түсімдер қамтамасыз етілді. Мемлекетке келтірілген залалды өтеу мәселесінің өзектілігі мен басымдығына байланысты гарнизонның әскери прокуратурасының осы бағыттағы жұмысы жалғасуда, ол үшін жүргізілетін тексерулер мен талдаулар барысында бюджетті толықтырудың жаңа әдістері іздестірілуде.

Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасы ұжымының қоғамдық өмірі ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне, ұжымдағы қызметкерлердің өзара қарым-қатынасына, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларының болуына, жұмыс орындарының қойылатын талаптарға сәйкестігіне, олардың тұру жағдайларына ерекше назар аударумен өтеді, өйткені, тұтастай алғанда, бұл факторлар жалпы жұмыстың нәтижелілігіне әсер етеді. Апта сайын жоспарлы жедел кеңестер өткізіледі, онда атқарушылық тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері талқыланады.

Қызметкерлердің дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар өткізу жоспарына сәйкес, аптасына екі рет әскери прокуратураның жеке құрамымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сейхун» спорт кешенінде жаттығулар өткізіледі. Қызметкерлердің кәсіби деңгейін дамыту және арттыру, олардың өз бетінше білім алуы және өз бетінше даярлануы мақсатында қызметкерлердің қалауы бойынша «АВС+» ағылшын тілін оқыту орталығында ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылды. Бұл іс-шара ұжымдағы өзара қарымқатынасқа оң әсер етті, бір-бірін құрметтеуге, қызметкерлердің білім деңгейін арттыруға, ұжымдағы моральдықпсихологиялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ қызметтік емес уақытта бағыныштылардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға ықпал етті. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде, жұмысты жақсарту бойынша жаңа нысандар мен әдістерді қолдана отырып, сондай-ақ Бас әскери прокуратурадан келіп түскен ұсынымдарды ескере отырып жүзеге асырылады.

Ғ.МАХАНБЕТОВ Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *