QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Өзі келмесе де, көрмесі келді

Автор:QAA.kz

Апр 12, 2019

Қызылордада «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашылған көрмеге Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы­ның директоры Әмірхан Рахым­жанов қатысып, көрмені ашып берді.

Көрмеге келген қауымға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі «Айбын» Президенттік полкінің «Құрмет» қарауыл ротасы, Прези­денттік оркестрдің үрмелі аспаптар оркестрі мен халық аспаптар ан­самбль­дері өз өнерлерін көрсетті.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назар­баев­тың тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсетуді мақсат еткен көрме биылғы жылдың маусым айының ортасына дейін өз жалғасын табады.

— Елбасы Н.Назарбаевтың тәуел­сіздігімізді жариялаған сәттен бастап елімізге жасаған еңбегін бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Тәуелсіздіктің көк байрағын көтеріп, бүкіл дүниежүзіне қазақ халқын мойындатты. Үлкен тарихи жауапкершіліктің жоғары деңгейінде бола білді. Елі таңдаған Елбасы қазақстандық дамудың даңғыл жолын жасады. Халқымыздың талай ғасыр аңсаған тәуелсіздік, егемендік, еркіндік, азаттық деген қасиетті сөз­дері Елбасының кемеңгер көшбас­шылығымен ақиқатқа айналды. Тұңғыш Президент — Елбасы кітапханасы көшпелі көрмесінің Сыр жұртшылығы үшін қызмет көрсеткені маңызы зор оқиға. Алты алаштың барлығы Елбасы­на ризашылығын айтады. Бірақ, соның ішінде біздің Сыр елінің халқы өзінің ерекше құрметін білдіреді, — деді, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер секілді түрлі санаттағы келушілерге арналған көрме «Елбасы жолы», «Елбасы феномені», «Әлем таныған Елбасы», «Елбасы мәртебесі — ел мәртебесі» деген төрт бөлімнен тұрады. Әрине, әр бөлім ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назар­баевтың Қазақстан халқы үшін бейбіт елді қалыптастыру жолында жасаған ерен еңбектері, ел тыныштығы мен тұрақтылығы, өркендеуіне қосқан үлесін көрсетеді.

2017 жылдың қараша айынан бастап жүзеге асырылып келе жатқан Елбасы кітапханасы «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме осы уақыт аралығында Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Алматы мен Шымкент қалаларында ұйымдасты­рылып, 730 мыңнан астам адам тамашалаған.

— Сыр өңірі — қазақ халқы үшін маңызы зор аймақтың бірі. Қасиетті Қорқыт бабамыздың ізі бар, бір ғасырдай бұрын еліміздің астанасы болған Қызылордада Елбасы кітап­ханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесінің ашылу салтанатына жиналып отырға­ны­мызға қуаныштымыз. Аталмыш көрме тәуелсіздігіміздің тал бесігі атанған Алматыда басталып, былтыр жыл бойы еліміздің бірқатар өңірлерінде табысты өткен болатын. Сыр жұртшылығының Елбасының өмір жолы мен саяси қызметін баяндайтын жәдігерлерден ұмытылмас әсер алатынына кәміл сенеміз — деді, Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов.

Қызылордалықтардың назарына алғаш рет көрсетілген «Н.Назарбаев: дәуір. тұлға, қоғам» көшпелі көрмесін­де Н.Назарбаевтың жоғарғы мемле­кет­тік марапаттарының жинағы, мем­лекет басшылары мен қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сондай-ақ шет тілдеріне аударылған еңбектері де бар. Көрмені көрген әрбір қала тұрғыны ондағы түрлі жәдігерлерді өз көздерімен көріп, жақсы әсер алды. Мектеп оқушылары Елбасының мектеп кезіндегі бестікте­рін көріп, «менде осындай үздік бола­мын» деген сеніммен, одан әрі қарайғы еңбектеріне қызығушылық танытты.

Айта кету керек, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов осы жобаның Қызылорда облысында табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *