QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Ұжым кездесуі өтті

ByQAA.kz

Қар 23, 2020

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ ұжымымен кездесті. Кездесу барысында цифрлық бағыттағы тапсырманы орындау турасындағы жұмыстар айтылып, негізі қалағаннан қолданыста болған құндылықтар сақталған ғимараттағы мұражайды да аралады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан Халқына Жолдауындағы «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі» бағытын орындау басымдыққа алынған.

Жалпы, электр торабы басқармасының меншігінде 27 10 кВ орталық тарату пункті 515,51 шақырым 10 кВ жер асты кабель желісі, 29,6 шақырым 0,4 кВ кабель желсі, 423 дана 10/0,4 кВ қосалқы станция бар. Бүгінде бұл акционерлік қоғам қала тұрғындары үшін заман талабына сай жаңарған бағытта қызмет көрсетуде. Мекеменің техникалық жабдықтары электронды форматқа көшірілу негізінде жұмыс істеуде.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған