2021 ж. Сәуір 14

ЖЫЛУ ҮШІН ТӨЛЕМ, НЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ?

«Қызылордатеплоэлектрорталығы» МКК- облыс орталығының тұтынушыларын жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жабық жылумен жабдықтау жүйесі бар энергия өндіруші ұйым.

Бүгінгі күні облыс орталығында 737 көпқабатты тұрғын үй бар (КТҮ), оның 345-інде жалпы үйлік 371 дана жылу есептегіш құралдары бар, ал бұл 852 дана есептегіш қажеттілігінің 43,5 пайызын құрайды. 345 көпқабатты тұрғын үйдің тек 173 үйінде жалпы үй өлшеу құралдарын жылумен жабдықтаушы ұйым коммерциялық есепке алған, оларды http://ktez.kz/news_ru.html сілтемесі бойынша көруге болады.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және қолданыстағы тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сүйене отырып, жылу есептегіштердің болуына немесе болмауына байланысты жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушылар топтарына қарай сараланған тарифтер белгіленеді.Тұтынушыларды энергияны үнемдеуге ынталандыру мақсатында жылу есептегіштері жоқ тұтынушыларға тарифтер жылу есептегіштері бар тұтынушыларға қарағанда жоғары болып белгіленген. Бұл ретте, жылу энергиясының төлемі жылу энергиясын тұтыну көлеміне және тұтынушылар топтарына қарай бекітілген тарифтерге байланысты анықталады.

Жылумен жабдықтау қызметтерінің қолданыстағы үлгілік келісім-шартына сәйкес жылумен жабдықтаушы ұйым беретін және жылу энергиясын тұтынушы алатын жылу мөлшері өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша анықталады,

ал егер ол тұрмыстық тұтынушыларда (тұрғындарда) болмаса, төлем мөлшері жергілікті атқарушы орган бекіткен нормаларға сәйкес анықталады.Осылайша, Қызылорда қаласының көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары үшін Қызылорда қаласы әкімінің 2000 жылдың 20 қарашасындағы №1235 шешімімен жылу энергиясын тұтыну нормасы бір шаршы метр үшін айына 0,0288 Гкал мөлшерінде бекітілді.

Жылу энергиясын пайдалану ережелеріне сәйкес тұтынылатын жылу энергиясын есепке алу үшін өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, өлшеу құралдарын бастапқы немесе мерзімді тексеру туралы құжаттары бар есептеу құралдарының түрлері қолданылады. Ал, жылу энергиясын коммерциялық есепке алу құрылғыларын күтіп ұстау, оларға техникалық қызмет көрсетуді және жарамдылығын тексеру, есептегіштің баланс иеленушілермен жүзеге асырылады.Бұл ретте, есептегіш құралдарының түрлеріне байланысты салыстырып тексеру 4-5 жылда 1 рет жүргізіледі.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) немесе жай серіктестіктің сенімді өкілі немесе көп пәтерлі тұрғын үйдің үйдің басқарушысы немесе басқарушы компания (КСК) жалпы үйлік жылу есептегіштерін уақытылы тексеруді қамтамасыз етеді.

«Қызылордатеплоэлектрорталығы» МКК-ның мәліметтері бойынша 2020-2021 жылдардың жылыту кезеңінде 173 көп қабатты үйлерге есептеу құралдарының көрсеткіштерін ескере отырып тұтынылатын жылу энергиясы үшін есептеулер жүргізілді, 2020 жылы қалада 59 үйдегі жылу есептегіштері тексерілді, 2021 жылы 42 үйде тексеру жоспарланған, олардың 38 үйінде тексеру мерзімі 2020 жылы аяқталған, бұл үйлерді http://ktez.kz/%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%be%d1%81%d1%82%d0%b8_%d1%80%d1%83.html. сілтемесі бойынша көруге болады.

Ал егер жылу есептегіштері уақытында тексерілмеген болса, жылумен жабдықтаушы ұйым жылу есептегіштері жоқ тұрғындар үшін тарифтерді және тұтыну нормаларын қолдануды ескере отырып ақы алуға құқылы.

Жылу есептеу құралдары болмаған кезде тұтынушылар үй тұрғындарының жалпы жиналысында келесі шешімдердің бірін қабылдай алады:

– жылу есептегішін жылумен жабдықтаушы ұйымның есебінен қайтарылатын негізде Департаментпен келісілген құнымен, жасалған келісімшартқа сәйкес ай сайынғы төлеммен 6 және 12 айға бөліп төлей отырып орнату. Сонымен бірге, «ҚЖЭО» МКК-на құрылғыны орнатуға жазбаша өтінішті тұрғындардың кездесуімен олардың қолдарымен (кемінде 3/2) хаттаманы қоса отырып, қондыруға келісім беру туралы ұсыну қажет;

– жылу есептегішті тұрғындардың жеке қаражаты есебінен сатып алуға және орнатуға. Әрі қарай кез-келген мамандандырылған ұйымның өкілдерін шақыра отырып, жылу есептегіштерін орнатуға және жұмыс аяқталғаннан кейін тұтынушылар немесе олардың өкілі (ПИК, МИБ) жылумен жабдықтаушы ұйымға коммерциялық есепке алу үшін жалпы үйлік есепке алу құрылғысын қабылдау туралы жазбаша өтініш береді.

Есептеу құралдарын орнату, оны уақытында тексеру тұтынушыларға тұтынылмаған жылу энергиясының мөлшері үшін төлем жасамауға, энергияны үнемдеу шаралары мен технологияларын енгізудің тиімділігін алуға мүмкіндік береді және тиімді иесінің қалыптасуына ықпал етеді.

Сонымен, тұтынушы жылу энергиясын төлеу үшін есептеу құралдарының бар және жоқтығынан қандай үнем алады, оны 60 шаршы метрге дейін 2 бөлмелі пәтерде тұратын тұтынушы туралы мәліметтерді қарастыру арқылы білуге болады:

Кезең Жылу есептеуіш құралдары барлар Жылу есептеуіш құралдары жоқтар Есептеу құралын орнатқан кезде үнемдеу мөлшері Сыртқы ауаның нақты температурасы (t град.) Тұтыну көлемі. (Гкал) Жылуға төлем (теңге) Тұтыну көлемі. (Гкал) Жылуға төлем (теңге)

Жылу есептегіштері орнатылған үйлер үшін жылу энергиясын үнемді пайдалану үшін үйдегі жауапты адамдарға жылу энергиясын тұтынуды сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты және температуралық кестеге сәйкес реттеу ұсынылады, атап айтқанда температура көтерілген жағдайда тұтынуды азайту, ал төмендеген жағдайда оны тұтынуды жоғарылату қажет. Бұл, өз кезегінде, сыртқы температура көтерілген кезде қатты жылып кетудің алдын алуға, демек тұтынушылар тарапынан артық төлемге жол бермеуге мүмкіндік береді.

«Аз төлеу үшін – үнемдеу керек!» дегендей.

Сондай-ақ, ағымдағы жылыту маусымында облыс орталығының тұрғындары үшін жылу энергиясының тарифтері өзгеріссіз қалғанына қарамастан, жылыту ауданы үшін төлемнің 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында және 2021 жылдың қаңтарында жоғарылағаны туралы хабардар еткім келеді. Бұд тұтынушылардан шағым түсуіне себеп болды.

Сонымен, тұтынушының талабы бойынша «ҚЖЭО» МКК-на жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 12) тармақшасы анықталды. Яғни, тұтынушылардың сұранысы бойынша табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы туралы ақпаратты, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты ұсыну бөлігінде сақталмаған.

Осыған байланысты, субъектіге нұсқама шығарылып, 4,6 млн теңге айыппұл салумен әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған Үлгілік шарттың 6) тармақшасының, 20-тармағына сәйкес, жеткізуші тұтынушыларға жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде белгілеген сапа талаптарына сәйкес, сондай-ақ келісімшарт талаптарында айқындалған тәртіппен және мерзімде ұсынуға міндетті.

Алайда, 2020 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында іріктеліп алынған үйлер үшін жылу энергиясын есептеу құралдарының көрсеткіштері туралы деректерді талдау нәтижелері бойынша «ҚЖЭО» МКК-ы Заңның жоғарыда аталған ережелерін сақтамады, нәтижесінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті субъектіге анықталған бұзушылықтарды жою және тұтынушыларға тікелей 656,9 мың теңгені қайта есептеу және температура кестелерінен ауытқу фактілері ұқсас үйлердің тұрғындарына қайта есептеу туралы нұсқама шығарды.

Бұл ретте, Қызылорда облысы бойынша Департамент тұтынушыларға 2021 жылдың 1 наурызынан бастап ҚҚС-мен 2643,75 теңге / Гкал мөлшерінде өзгеріссіз қалған тұрғындар үшін қолданыстағы тарифтерді еске салады, оның ішінде:

– есептеу құралдары жоқ тұрғындарға – 3172,5 теңге / Гкал ҚҚС-мен және шаршы метріне төлем – 91,37 теңге;

– есептеу құралы бар тұрғындар үшін – 1 655,09 теңге / Гкал, ҚҚС -мен.

Жылу энергиясына төлемге қатысты барлық сұрақтар бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 8 (7242) 26-23-67, 27-79-74, 26-37-98 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған