2021 ж. Сәуір 17

Жиырма екі жылда партия жаңа

Жалпы Қазақстанда тіркелген саяси партиялар айтарлықтай көп емес. Оның ішінде   «Nur Otan» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы, Қазақстанның халықтық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және «Адал» саяси партиясы бар.

 Мәселен, көрші Ресейдің өзінде 36 партия тіркелсе, олардың алтауы ғана сайлауда лайықты бағасын алып, ел билігіне етене араласуда. Ал Өзбекстанда ресми  5 партия тіркелген.

Қазақстанның жер көлемі кең ел болса да халық саны көп емес. Елдегі санаулы партиялардың осы күнге дейін ел дамуына қосқан үлесі зор. Десе де, кез-келген істе, мақсатта бағыты бір партиялар болғандықтан ел мүддесі үшін жұмыс жасаушылардың бірі «Nur Otan» партиясы. Азғантай халыққа жеке-жеке көп партияның керегі де шамалы секілді. Сондықтан, мүдде бір болғандықтан елдің көбі жетекші партияны таңдауда. 1999 жылы 1 наурызда құрылған «Nur Otan» партиясына биыл 22 жыл толып отыр.

Әр өңірден қолдаушылар шығып, партияның елде  дамуына зор үлесін қосқан азаматтар жеткілікті. Партияның Сыр елінде қанат жаюына еңбегі сіңген тұлғалардың бірі Қожахмет Ілиясов.

–          Мен 16 жыл төрт шақырылымда депутат болдым. Соның 13 жылында мәслихат хатшысы болып қызмет еттім. Әкімшілікте, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында қызмет жасап, зейнетке шықтым. Алғашқы жылдары партия құрылған кездері пленум, конференцияға өзіміз барып, Елбасымен кездесіп, берілген тапсырмаларды жүзеге асыратынбыз ,-дейді Қажахмет Ілиясов.

–  Қазір партияның жаңа ғимараты дайын тұр. Кәсіпкерлер қаражат біріктіріп, жаңа ғимарат салып берді. Сіз еңбек еткен жылдары бұндай жағдай бар ма еді?

–  Бұрынғы жылдары әкімдікте, басқа  жерлерде отыратын едік. Қазір жаңадан ғимарат салып жатыр екен. Қала әкімі Серік Қожаниязовтың тұсында облыстық «Nur Otan» партиясына ғимарат қарастырып бергелі жиындардың біразы сол орталықтағы ғимаратта болатын.

– Кеңес тұсында балаларды партиялық тәрбиеге жастайынан сатылап дайындайтын. Олар пионер, комсомол, артынша коммунист  болатын. Ал бүгінгі күні елдегі партиялар жастар мәселесіне қаншалықты ықпал етуде?

– Біз кеңес заманында өскен азаматтармыз. Менің  пионер артынша комсомол болдым. Жалпы өзім Темір жол депосында комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет жасадым. Партияның бағыты бойынша жастар мәселесімен айналыстым. Расында, коммунистік партия тұсында барлығы жұмыспен қамтылатын. Жұмыс жоқ деген сөз болмайтын. Оқу бітіре салысымен жұмысқа жолдама беретін. Сол жердегі партия құрамындағы жас мамандар пәтерге кезекке тұратын. Олардың кезегі де кешіктірілмей 3-4 жылда келе қалатын.

Ал қазіргі жастарға «дипломмен ауылға» деген сынды бағдарлмалар жұмыс жасап жатыр. Ауылға барсаң үйді де, жұмысты да береді. Алайда өткен заман мен осы кездің айырмашылығы таңдаудың көптігінде.

Оқу орнын да, жұмысты да таңдауға болады. Сондай-ақ, студент болып жүріп-ақ кәсіп ашуға болады. Несие беру ісі де жеңілдетілген. Сондықтан, жұмыс істеймін деген адамға, нан табуға мүмкіндік бар.

–   Кешегі заман уақытында әр адамның көкейінде белгілі бір мақсат болды дейсіз ғой?

–   Ол кезде партия да біреу. Әр адамның мына жаста мына жетістікке жетемін деп мақсат қоятын еді. Десе де, қазір біз де бір партия емес. Еліміз көппартиялы. Өңіріміздің өзінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың дені жастарға бағытталған. Қазір қаншама жас отбасылар пәтер алуда.

– Қазіргі кезде партияға өтуге жұртшылықтың қызығушылығы байқалмайды. Қазір 5 партия бар. Десе де, партия тарапына өтушілер «Nur Otan»-ға көп басымдық береді. «Nur Otan» белсенді партия болғандықтан қатарына өтушілер де аз емес Қызметте өсу үшін «Nur Otan»-ға өтіп, өз пайдасына жұмыс жасау үшін қатарға қосылады деген сыбыс та бар.

– Әр адамның өз жүрек қалауы бар. Азаматтың өз таңдауы бар. Сонымен қатар, партиялардың үгіт-насихат жұмыстары да жақсы жүргізілуде. «Nur Otan»  өзінің ісімен танымал. Оның барлығы көзге көрінбейді. Алайда, статистиканы алып қарасақ, қаншама атқарылған жұмыстарды көруге болады.

Комсомол комитетінде хатшылықта жүрген кезімде жастар мәселесін шешуге жұмыс жасайтынбыз. Спорттық жарыстар, ойын-сауық алаңдары, би алаңдарын жасап, жастарға көмектесуге жағдай жасап, кәсіподақпен сөйлесіп қажетті жағдайын қамтамасыз еттік.

–          Қазіргі кезде партия жұмысының  жастар арасында кең нәсихатталмауына не себеп деп ойлайсыз?

–          Өздеріңіз секілді газеттер мен телеарналарда әр партия өкілдерін жинап, дебаттар өткізсе жақсы болар еді. Газеттерге түрлі мақалалар жарияланса қызықты болар еді. Әсіресе, жас студенттерді партия жұмысына қызықтыра білу керек. Студент кезінен бастап партия жұмысына етене араласып, қызығушылық танытса олардың жұмысқа да тұруы оңай болар ма еді.

–          Өзіңіз қызмет еткен «Атамекен»  палатасы мен «Nur Otan» партиясы арасындағы байланыс қаншалықты тығыз?

–          Қазіргі кезде қаншама жастар кәсіптік оқудан өтуде. Қаншама аудан мен ауылдың арасында жастар оқудан өтіп, кәсіп ашуға бағыт алуда.  Бәлкім партия мен «Атамекен» арасында меморандум жасау керек болар.

Десе де, партия мен палата арасында байланыс бар. Партия тарапынан өкілдері келіп, кәсіптік білім алып жүрген жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізсе жақсы болар еді. Жылына 400 адам грант иегері атанады. Ал одан басқа облыста 1000-ға жуық адам оқудан өтеді.

Сондықтан, партия тарапынан мамандар келіп, партия саясатын түсіндіріп, болашақ кәсіп иелеріне көмектесетінін жеткізсе жақсы болар еді. Бәлкім бір сабақ өткізіп жіберсек те артық етпес.

–          Биылғы жылғы сайлауда әр партия өз бағдарламасын ұсынып, ел арасында үгіт жұмыстарын жүргізді. Бұрынғыдай әр үміткер шығып өз атынан жол мен су мәселесін әурелей бермеді. Бұл әдістің әсері қаншалықты тиімді?

–          Бұрындары әр  үміткер халыққа уәде беріп, өз бағдарламасын жасайтын. Бұл тұста жергілікті партия тарапы жұрт сұрап жүрген мәселелер мен сауалдарын сайлауалды бағдарламасында баяндап, аймақтың ақсаң тұстары баяндалып, бағдарламаға енгізілді. Бұл өз кезегінде  сайлау науқанында әр партияның халық қозғап жүрген мәселелерге бағдарлама әзірлеуіне алып келеді. Әрқайсысы бірі көрмеген жерлерді байқап, өз жоспарларына кірістіреді. Бұл өте жақсы.

–          Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан АМАНГЕЛДІ Дамир

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған