QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Жемқорлықтың алдын алу – басты міндет!

Автор:QAA.kz

Дек 30, 2020

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейкесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.

Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жүйесі негізінен сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге бағытталды және кінәлілерді қылмыстық жазалауда айтарлықтай дәрежеде көрсетілді, бірақ қазіргі уақытта өз қатарларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға елеулі түзетулер енгізілді. Сыбайлас жемқорлықты азайтудағы ортақ күш-жігерді біріктіру жолымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударылады. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесіне шығатынымыз сөзсіз.

«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің сапалы және уақытылы болуына жағдай жасалған. Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтары (АҚО) кезекті реттеу мен қызметті алудың уақытын қадағалау үшін электрондық таблолармен жабдықталған. Салық төлеушілер терминалы жұмыс жасайды. Салық төлеушілерге «арыз-шағым жәшігі», «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Кез келген уақытта салық төлеушілер жазбаша түрде немесе телефон арқылы хабарласуға мүмкіндіктері бар.

Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болсын десек, алдымен, өзіміздің адами бейнемізді кәсіби іскерлігімізбен үйлестіре білейік.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Адам ресурстары басқармасының басшысы Р.Ануар

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *