Бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдары деңгейінде, үй жағдайында медициналық көмекті қажет ететін науқастарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін де біршама жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Үй жағдайында дәрігерлік және динамикалық бақылауды қажет ететін мобильдік бригадалар ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастырылған бригадалар 5 мың халыққа бір бригада есебінен ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жалпы 161 бригада құрылды. Мобильдік бригадалардың 38-і қала деңгейінде болса, 28-і аудан орталықтарында және 95-і елді мекендерде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, лизинг арқылы аймаққа республикалық бюджеттен 40 автокөлік келеді деп күтілуде.