QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ЖАЗАСЫН ӨТЕП, БІЛІМ АЛУДА

Автор:QAA.kz

Окт 8, 2020

Қазіргі кезде қылмыс жасап жазасын өтеушілерге мемлекет тарапынан білім алуға кең мүмкіндіктер жасалуда. Жазасын өтеушілер ағаш ұстасы, тігінші, дәнекерлеу мамандықтары бойынша білім алуда. Білім алу мерзімі он айға созылған. Ең қысқа оқыту мерзімінде жазасын өтеушілер қатырма қағазымен қоса алып шығады. Бұл сертификат немесе өзге де растаушы қағаздар емес. Расында, мамандықтың дипломын қоса алады. Жасалған шаруалар жазасын өтеушілердің бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға еркін қосылып тіпті өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде жазасын өтеушілер Ықсанов атындағы колледжде білім алуда. Әзірзе қашықтан оқыту жүйелі жүргізілуде. Ал негізі, аталған оқу орнының оқытушылары түзеу мекемесіне барып сабақтарын өткізеді. Білім алушыларға 28 мың теңгеге жуық шәкіртақы тағайындалған. Мамандықты меңгеру арқылы олар өз ақшаларын тауып, өздері жасаған қылмыстың салдарынан мемлекетке немесе жеке тұлғаларға тигізген материалдық шығынын өтемек. Соңғы жеті жылда әртүрлі мамандық бойынша 300-ге жуық азамат дипломдарын алған. Түзеу мекемесі аумағында 457 адам жұмысқа орналасқан. Олардың 61-і шаруашылық қызметінде. Қазіргі кезде үш түзеу мекемесі бар. ЗК-169/1 мекемесі.Олар қауіпсіздігі төмен, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары болып жатқан, сот үкімі күшіне енгенге дейінгі түзеу мекемесі.

Екіншісі — ЗК-169/4. Бұл мекемеде абайсызда қылмыс жасағандар немесе бір жылға дейінгі бас бостандығынан айрылушылар жазасын өтеуде.

Үшіншісі — ЗК-169/5 мекемесі. Аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған сотталушылар және бұрын сотталғандар жазасын өтеуде.

Онымен қоса, сотталушылардың 36- сы қалалық жалпы білім беретін кешкі мектептің «Мектепке қабылдау туралы» бұйрығымен мектепке қабылданды. Ішінде 7 сыныпта -2, 8 сыныпта-2, 9 сыныпта-6, 10 сыныпта-11, 11 сыныпта-15 оқушы мекеменің ішкі күн тәртібіне сәйкестендіріле отырып білім алуда.

Түзеу мекемесінде 290 сотталушының берешек шығындары бар. Олардың 176-сы жұмыспен қамтылған. Жалпы берешек сома 610 миллион 386 мың теңгені құрайды. Бұл орайда сотталушылардың айлық табысымен өтелген қаражат 6 миллион 911мың теңгені құрайды. Ал өз еріктерімен өтелген қаражат 27 миллион 838 мың теңгеге жуық.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша 2020-2021 жылдары жазасын өтеп шыққандар немесе пробация қызметі есебіндегі 81 адам жұмыспен қамтылды.

2019 жылы бостандыққа шыққан азаматтарға 86 квота бөлінген. Олардың барлығы түгелімен 100 пайыз жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылы 70 квота бөлініп оның 61-і тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Онымен қоса, «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығының» жұмыстары да қызуда. Бұл жақта 302 азаматқа құқықтық және психологиялық көмек көрсетілуде. Ең бастысы, темір торға тоғытылғандарды оқытқан ұстаздарымыздың еңбегі бағалауға тұрарлық.

Онымен қоса түзеу мекемелерінде де игі жұмыстардың жасалғанына көз жеткіздік. Білім алушылардың алатын шәкіртақысының белгілі бір бөлігі шегеріліп, тіпті қалған ақшаларына өздеріне қажетті заттарды да алу қаралған.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *