QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ByQAA.kz

Сәу 9, 2021

«Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен біршама ауқымды жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грантқа ие болған жас кәсіпкерлермен байланыс орнатып, бірлесе жұмыс жүргізу.

Жобаның мақсаты – жас кәсіпкерлердің грант ұтып алғаннан кейінгі жұмыс кезеңіне сараптама жүргізу жәнесала мамандарының көмегімен субсидия,несие алып, жұмыстың ауқымын кеңейтуде оларға бағыт беру.

          «Жас кәсіпкерлермен жұмыс» жобасының алғашқы кезеңінде  2019-2020 жылдары облыс көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант иеленген          1 512  жасқа сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша қазіргі таңда олардың 1 350-і өз кәсібін жалғастыруда.

Жас кәсіпкерлердің бастаған кәсіптерімен танысу,олармен пікір алмасып, туындаған кедергілерді анықтау мақсатында жобаның екінші кезеңі бастау алды.

«Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ә.Қардашов  «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқу курсынан өтіп, грант ұтып алған жас кәсіпкерлердің жұмыс нысандарын аралап, пікір алмасты.

Кәсіпті бастамас бұрын сол саладан сауатты болған жөн. Ол үшін оқу керек, білім алу қажет. Тігіннің қыр-сырын үйрену үшін «Дала-ТЕХ» тігін фабрикасы мамандарынан сабақ алдым. Кейін «Бастау бизнес» жобасының грантына ие болдым. Қазіргі таңда «Қыз жасауына» үйден тапсырыс қабылдаймын – дейді  тігінші Қадірова Інжу.

Бегимова Динара бала күнгі арманын жүзе асырып, «Сыр сұлуы» сән салоның негізін қалаған. Қазіргі таңда салонын кеңейту мақсатында біліктілігін арттыруда.

Ауылшаруашылы бағытында сүт өнімдеріне тапсырыс қабылдаушы – Шадаева Арайлым:

Ауылшаруашылығы оңай кәсіп деп айта алмаймын. Себебі жем-шөп қымбат. Жайылым жерлер аз. Дегенмен бастаған кәсіпті дөңгелету біліктілігің мен еңбекқорлығыңа байланысты. Қазір қолымда он ірі басты мал бар. Тұтынушыларға ағарған сусындарды, сүт өнімдерін ұсынамыз. Алдағы уақытта мемлекеттік қайтарымсыз гранттық жобаларға қатысып, кәсібімді одан әрі кеңейткім келеді.

Айта кетейік, жоба аясында Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Qosyl»қалалық жастар орталығы  және «КБХ-StartUp» стартап жобалары байқауын ұйымдастыру қауымдастығымен бірлесіп жас кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдаулар жөнінде медиа-жоспар әзірленуде.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған