QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ЖАППАЙ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ

ByQAA.kz

Қаң 7, 2021

Қазақстанда 2021 жылдың наурызында COVID-19-ға қарсы отандық вакцинамен жаппай егу басталады. Ең алдымен, екпе ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, сондай-ақ созылмалы ауруы бары адамға салынады.

Өткен жылдың 19 желтоқсанында отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның аясында 3 мың еріктіге егілді.

Осы жылы көктемде Жамбыл облысы Қордай ауданында биофармацевтика зауыты іске қосылады. Кәсіпорын жылына 60 миллион доза вакцина шығаруға қауқарлы.

Қарағанды қаласында ресейлік «Спутник V» вакцинасын шығару өндірісін іске қосуға дайындық жүріп жатыр.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған