2021 ж. Сәуір 14

Жанымкүл Ситер: Біздің жағдайды пайдаланбақ болды

Блогер Тәңірберген Бердоңғар Астанадағы өрттен қаза болған қыздардың ата-анасымен сұхбат жасап, көпшілік көкейіндегі көп сұрақтардың жауабын жариялаған еді.

Сол жағдай кезіндегі Астаналық аналардың көтерген шуына қатысты марқұм 5 баланың анасы пікір білдірді.

«Біздің қайғымызды біреулер өз мақсатына пайдаланбақ болған. Олар өздерінің жағдайларын осы қайғымыз арқылы түзеп алмақ болды. Мен түсінемін оларда біз сияқты мұздай үйде отыр, көмірлері жоқ. Олардың айтқандарын дұрыс емес дей алмаймын. Шынымен сол сәтте керек болған адамдар ол жерде болмады», – деді Жанымкүл.

Кейбір адамдар осы жағдайды пайдаланғысы келді. Әлеуметтік желілерде бұзылған нөмірлері бар карточка жеке куәліктің қасында тұрды. Осыған қатысты көптеген адамдар қателесіп, алаяқтардың карточкаларына ақша аударған, – деді Тәңірберген Бердіңоғар өз бейнетаспасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған