QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ЖАҢАБАЕВ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҚСАРТАДЫ?..

Автор:QAA.kz

Окт 8, 2021

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Жаңабаев Ғабит Жұмабекұлы қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ғабит Жұмабекұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2000 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан экономика және құқық институтын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысының статистика жөніндегі есептеу орталығының кадр-іс жүргізу жөніндегі инженері ретінде бастаған.

2001-2006 жылдары Қызылорда облысының статистика басқармасының экономисі, бас маманы;

2006-2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің» жетекші маманы;

2008-2011 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы;

 2011-2012 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы;

2012-2016 жылдары облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы;

2016-2020 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары;

2020 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Ғабит Жұмабекұлы қала әкімінің орынбасары ретінде қаржы-экономика, мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Әкімнің әмбебап орынбасары

Осы уақытқа дейін қала әкімдігінің қаржы-экономика саласына жетекшілік етіп келген қала әкімінің орынбасары Нұридинов Бектас Балғабайұлы ендi мәдениет, спорт, ішкі саясат, әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін болады.

Ол 1976 жылы 15 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Ұлты  қазақ. Білімі  жоғары. 1993 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты оқу орнына қабылданған. 1997 жылы Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қаласы бойынша Салық бөлімінде аға маман ретінде бастаған.

Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінде бөлім бастығы, басқарма басшысы, Жаңақорған және Арал аудандары бойынша салық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің қаржы-экономика саласына жауапты орынбасары қызметін атқарып келді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *