QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Жаңа технология сот жұмыстарын жеңілдетуде

ByQAA.kz

Сәу 20, 2021

2021 жылдың 14 сәуірінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша баспасөз-конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясын Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Елшібеков Бақытбек Есенгелдіұлы жүргізіп, азаматтық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мәліметтер айтып өтті.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2021 жылы – 734 (2020 жылдың 3 айы -724) талап арыз, 23 азаматтық іс (2020 жылдың 3 айы – 33) түсіп, 405 азаматтық іс 2020 жылдан қалдық болып түскен.

16 талап арыз қабылдаудан бас тартылған (2020 жылдың 3 айы – 23 ),

143 талап арыз қайтарылған (2020 жылдың 3 айы – 90),

55 азаматтық іс қозғалған (2020 жылдың 3 айы – 583), барлығы 628 (2020 жылдың 3 айы – 597) азаматтық іс аяқталған, оның ішінде 473 (2020 жылдың 3 айы – 432) шешім, оның ішінде 1 (2020 жылдың 3 айы – 3) сырттай шешім шығарылған.

82 (2020 жылдың 3 айы – 43) іс бойынша өндіріс қысқартылған,

71 (2020 жылдың 3 айы – 120) азаматтық іс қараусыз қалдырылған.

2021 жылдың 3 айында 12 (2020жылы – 8) азаматтық іс бітімгершілік келсіммен және 41 (2020 жылы – 14) азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталған, осы азаматтық істер бойынша 17 018 053 теңге мемлекеттік баж сомалары мемлекеттік бюджеттен талапкерлерге қайтарылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2021 жылдың 3 айында келісім-шартқа байланысты туындайтын даулар – 200 талап арыз (2020 жылы – 305) , былтырғы жылдың осы есепті кезеңімен салыстырғанда сотқа түскен талап арыздардың саны 105-ке немесе 34 % азайған.

Мысалы, талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамыннан 94 талап арыз түссе, оның 57 талап арызы талап қоюшы заңмен белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаған және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаған, яғни АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес қайтарылған.

2021 жылдың 3 айында мемлекеттік сатып алуға байланысты туындайтын даулар – 246 талап арыз (2020 жылы – 190) , былтырғы жылдың осы есепті кезеңімен салыстырғанда сотқа түскен талап арыздардың саны 56-ға немесе 29 % көбейген.

Өткен жылы мемлекеттік сатып алуға байланысты туындайтын даулар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты азайған. Бұл ретте откен жылы Үкімет қаулысымен Төтенше жағдай кезінде өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздық айыппұл өндіру туралы талаппен сотқа жүгінуге тыйым салынған.

Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізеді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызады, атап айтсақ электрондық сот істеріне ауысу, «Сот кабинеті» сервистерін пайдалану, WhatsApp қосымшасын қолдану арқылы сотқа келместен сот отырысына қатысу мүмкіншіліктерін түсіндіріп өтті.

Осы бағытта Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты да өз жұмысын тиімді жүзеге асыруда. WhatsApp жүйесі арқылы 1429 азаматтық іс қаралса, төтенше жағдай жарияланғаннан бері бұл көрсеткіш 100 пайызды құраған.

2021 жылдың 3 айында 544 (2020 жылы – 493) аудио-видео фиксация пайдаланып, электронды хаттамалар түзілген. Сот мәжілісін аудио-видео құралы арқылы жүргізу аяқталған 554 (75 оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған істерді қоспағанда) азаматтық істің 100 пайызы бойынша жүргізілген.

Іс шара барысында сот төрағасы Б.Елшібеков Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Заңымен жаңадан Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі қабылданғанын, Кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетінін, Кодекстің мақсаты – азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына, жоғары тұрған органдар мен сотта билік органдарымен арадағы дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығын жасау болып табылатынын атап өтті.

2021 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енетін заңнамада әкімшілік әділетті нығайтудың барлық мүмкіндігі қарастырылған. Соған сәйкес енді дауларды шешу барысында сотқа қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеру құқығы берілді. Істің ақ-қарасын анықтау үшін судья өз құзыреті

шегінде қажетті анықтамаларды алдырып, қосымша дәлелдер сұрату мүмкіндігіне ие болды. Әкімшілік әділет жүйесінде судьяның белсенді рөлі қағидаты тараптардың теңсіздігін жоюға жәрдемдеседі.Сондай-ақ егер, әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот оларды өз бастамасы бойынша жинайды, ал тараптар сотқа істің нақты мән-жайларын зерттеуге және дәлелдемелерді жинауға жәрдемдесуге міндетті.Ең бастысы, бұдан былай аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетінін ерекше атап өткен жөн. Себебі жеке азаматтармен, заңды тұлғалармен салыстырғанда мемлекеттік құрылымның әлеуеті де, құзыреті де кең.

Бұл заң құқықтық жүйе үшін жаңа құжат, қоғамға бетбұрыс жасайтын тың заңнама. Кодекс екі негізгі бөліктен тұрады. Біріншісі әкімшілік рәсімдерге бағытталса, екіншісі әкімшілік сот ісін жүргізудің заңдық қағидасын реттейді.Әкімшілік сотта әкімшілік іс дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы, әрекет жасау туралы, тану туралы талап қоюлар негізінде қозғалады.Кодексте жария-құқықтық қатынастардан туындаған дауларды бейбіт жолмен реттеуге, яғни татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануға да назар аударылған. Тараптар әкімшілік процестің кез келген сатысында,судья шешім шығару үшін кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасай алады. Бұл әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтауға септігін тигізетіндігін атап өтті.

Өз кезегінде жаңа Кодекс жария-құқықтық дауларды шешуде өз мақсатына жетіп, ел игілігіне қызмет ететініне кәміл сенетінін айтты.

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының

баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған