QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Жаңақорғанда жанған қойлар

ByQAA.kz

Қаз 22, 2020

Таңғы уақытта әлеуметтік желіге өртенген қойлар жайлы ақпар тарап кеткен болатын. Бұл расында аймағымызда орын алған төтенше жағдай. Арнайы құрылған топ мал шығынын әлі де есептеуде.

Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылында көлемі 30 гектарды құрайтын егістік алқабы жанған. Бұндай құрғақ алқаптарды өртеу заңдылық. Сәйкесінше әлеуметтік желілер мен жауапты мекемелер осы аумақта өртеу жұмыстары жүретіндігі жайлы хабар таратқан. Десе де, өртеу жұмыстары жүруі тиіс аумақта жайылып жүрген «Ынтымақ» шаруа қожалығының 1000-ға тарта қойларының біршамасына шығын келген. Қазіргі мәлімет бойынша 263 қой өртеніп, өлген. Ал 686 қойды күйік шалған. Әзірше күйік шалған қойлардың жағдайы белгісіз. Алдағы уақытта олардың да біршамасы өлуі мүмкін.

Санитарлық нормаларды сақтау үшін өлген малды өртеуге жылжымалы пеші бар көліктер жіберілген. Қалғанын жер астына көму жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытта 19 қызметкер мен біршама техника жұмылдырылған.

Осы орайда, мал иелерінің жайылымға тыйым салынған аумақта мал жаюы орынсыз. Бекітілген тәртіп бойынша төрт-түліктің жайылуына берілген аумағы болады. Бұл ережелердің сақталмауынан мал ұрлығы көбейген және ірі қаралардың автокөлік жолдарына шығуынан жол апаттары орын алуда.

Бұдан былай рұқсат етілмеген жерде жайылып жүрген малды арнайы орындарға апарып, сол жақта жем-шөбін беріп ұстайды. Егесі тиісті айыппұл мен жем-шөбінің шығынын төлеп қана төрт-түлікті кейін қайтара алатын болады. Былайынша айтқанда, көліктердің айып тұрағы секілді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған