QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Жаңа оқу кезеңіне жоғары серпінмен

Автор:QAA.kz

Дек 8, 2020

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының офицерлері Қызылорда гарнизонына қарасты әскери бөлімнің жаңа оқу кезеңге дайындық барысын тексеріп, жетістіктерімен құттықтады.

Ағымдағы жылдың соңында жаңа 2021 оқу жылына дайындық дейгейін тексеру мақсатында Қызылорда гарнизонының әскери бөліміне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы штаб бастығының орынбасары подполковник Мұхтар Орынбай және бірқатар офицерлер келді. Жоспар бойынша бөлімнің жауынгерлік, оқу-материалдық, техникалық базаларының және кұжаттарының дайындығын тексеріп шықты. Тексере келе бөлімдегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қалай ұйымдастырылғанына да назар аударды. Әскери бөлімнің дайындық деңгейін жақсы бағалап, бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, подполковник Мұхтар Орынбай жеке құрамды әскери бөлімнің өткен оқу жылында жеткен жетістіктерімен құттықтады. Қарулы Күштерде «Ұлы дала әскері – Тәуелсіздік тірегі» ұранымен өтетін алдағы жаңа оқу жылында сол жетістіктерді сақтап қалуға сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ауыспалы жалаушаларын тапсырды.

Айта кетсек, аталған әскери бөлім «Қуатты армия – ел тірегі» атты ұранмен өткізілген 2020 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімдері арасында жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта қол жеткізген жетістіктері үшін 1-ші орын иеленген болатын.

Аталған жетістіктер алдағы жауынгерлік дайындық кезеңдерінде әскери бөлімнің жеке құрамына ынта-жігер берері сөзсіз.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

сержант Мұхит Қонаров

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *