QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Жаңа Әкімшілік рәсімдік – процестіккодексі 2021 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді».

Автор:QAA.kz

Июн 29, 2021

Осы Кодекс мемлекет пен азамат (ұйым) арасындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу бойынша әкімшілік рәсімдерге және арнайы сот ісін жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазіргі Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, атап айтқанда «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдар 2021 жылғы 1 шілдеден бастап өз күшін жояды.

Кодекс екі бөліктен тұрады ‑ бұл Әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу және мынадай қағидаттарға негізделген:

1. Құқықтардың басымдық қағидаты-Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың барлық күдіктері, қайшылықтары әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі;

2. Арнайы ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу-әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуға, шектеуге, тоқтатуға, сондай-ақ заңнамада белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында оған міндет жүктеуге тыйым салынады;

3. Қорғау құқығын сенім-әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі заңмен қорғалады;

4. Соттың белсенді рөлі — сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді; әкімшілік процеске қатысушылардың өз бастамасы немесе уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды.; әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.

Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде талап қоюшылар сотқа талап қоюдың мынадай түрлерімен жүгіне алады:

1. Әкімшілік актіні толық немесе оның бір бөлігін алып тастау талабымен дау айту туралы талап қоюлар;

2. Әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетсіздігі себебінен қабылдаудан бас тартылған не қабылданбаған, талап қоюшы қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды талап етуі мүмкін мәжбүрлеу туралы талап қоюлар;

3. Талап қоюшы әкімшілік актіні қабылдауға бағытталмаған белгілі бір іс-әрекеттер жасауды немесе осындай іс-әрекеттерден қалыс қалуды талап етуі мүмкін іс-әрекеттер жасау туралы талап қоюлар;

4. Талап қоюшы қандай да бір құқықтық қатынастардың болуын немесе болмауын тануды талап етуі мүмкін тану туралы талап қоюлар.

Жоғарыда аталғандар жаңа Заңның гуманитаралық бағытын, заңнаманы одан әрі ізгілендіру ісінің нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Қызылорда қаласының

прокуратурасы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *