QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ЖАҢА ҒАСЫРДЫҢ ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҒЫ ТӘРБИЕЛЕНУДЕ

Автор:QAA.kz

Окт 8, 2021

Қиындықпен бетпе-бет келген осындай сындарлы кезең мұғалімдерге де оңай тиген жоқ. Ұстаздарымыздың жаңа технологиялармен байланысты дағдыларды тез игеріп, тосын жағдайға шұғыл бейімделуіне тура келді. Ата-аналар да өз кезегінде ұстаздар қауымына қолдауларын білдірді. Барлық кедергілер мен қиындықтарға қарамастан, жаңа ғасырдың зерделі ұрпағын тәрбиелеу жолында талмай еңбек етіп жүрген Ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін.

Мұғалімге қолдау көрсету – әрдайым біздің басты назарымызда. Биыл білім беру саласына облыс бюджетінің 45 пайызы, яғни 171 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын көтеруді тапсырды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылы облысқа республикалық бюджеттен 32 миллиард теңге қаржы бөлінді. Алдағы жылдарда бұл өз жалғасын табатын болады. Сәйкесінше ұстаздарға қойылатын талап та күшейеді. Сондықтан білім сапасының жоғары деңгейде болуы аса маңызды.

(Облыс әкімінің ұстаздар мерекесінде сөйлеген сөзінен)

 Еліміздің басқа өңірлеріндегі сияқты аймағымызда да ұстаздар мерекесі бар сән-салтанатымен мерекеленді.

Мереке салтанатында «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы, №277 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ақзия Байтөреева, Қызылорда қаласындағы «№176 орта мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қадіркүл Шаймағанбетова, «ORDA SCHOOL» мектебінің директоры Рауаш Алиева, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің математика пәнінің мұғалімі Ғазиза Суханбердина және «№ 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нағиша Есбосын марапатталды.

Мұнан бөлек, 2 сала қызметкеріне «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2 ардагер ұстазға «Еңбек ардагері» төсбелгісі тасбысталды. Ал 11 педагог «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін жергілікті ерекшелік белгісімен» марапатталды.

Ерекше айту керек, өткен жылдан бастап конкурстық негізде үздік ұстаздарға 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаржылай сыйақы табысталды. Биыл да 10 ұстаз «Үздік педагог-2021» облыстық байқауының жеңімпазы атанып, 875 мың теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *