2021 ж. Сәуір 14

ЖҰРТ ҚАУІПСІЗ АЙМАҚҚА КӨШЕДІ МЕ?..

Сырдария өзенінің ұзындығы облыс аумағында 1 274 шақырымды құрайды. Өзен жағалауының оң жақ бетінде 380,37 шақырым, сол жақ бетінде 244,75 шақырым, барлығы 625,12 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеті бар. Облыс бойынша Сырдария өзеніне жақын орналасқан су басу аймағына жататын 56 елді мекенде 174 мыңнан астам тұрғын тұратын 36 мыңнан астам үй орналасқан, 255 мыңнан
астам үй жануары бар.


Бүгінгі күнге Шардара су қоймасынан төмен қарай 200 м3/сек су жіберілуде оның 100 м3 /сек. Көксарай су реттегіші алып, төменге 100 м3 /сек. су жіберілуде, Сырдария өзені арнасымен жоғарыдан келген су көлемі Қызылорда облысының аумағына 105 м3 /сек. су өтуде, Қызылорда су торабынан 160 м3 /сек., Айтек су торабынан (ескі арнамен) 133 м3 /сек., Қараөзек арнасына 24 м3 /сек., Қазалы су торабынан 210 м3 /сек., Ақлақ су торабынан 180 м3 /сек., Арал теңізіне 17 м3 /сек. көлемінде су жіберілуде. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және су шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, тікұшақпен және автокөліктермен Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнге өзендегі мұз Шиелі ауданы Қызылқайын елді мекенінен төмен 2 шақырым жерде. Қызылорда су торабынан жоғары қарай 188 шақырымда тұрғаны анықталды. Осы 188 шақырым аралығында мұз еріп, жұқарған, қалыңдығы орташа 10-20 см. солтүстік аудандарда 20-55 см. құрайтыны байқалды. Облыс бойынша 2020-2021 ж.ж. қысқы-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын күштер мен құралдардың құрамы: 1081 адам, 361 бірлік техника, 75 су сору мотопомпасы және 1 тікұшақ. Оның ішінде: ТЖД 117 жеке құрам, 25 техника, 9 жүзу құралдары мен 34 мотопомпа дайындыққа келтірілді. Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде 156 мыңға жуық адамды көшіруге арналған 84 эвакуациялық жинақтау және 101 қабылдау пункті дайындыққа келтірілді. Су басу қаупі бар аймақтар учаскелерге бөлініп, оған 126 мекемеден барлығы 411 бірлік арнайы техника және 1 269 адам жауапты болып бекітілген.
Су тасқынының алдын алу бағытында департамент қызметкерлері Сырдария өзеніне жақын орналасқан елді мекендердегі тұрғындарға және шаруақожалық иелеріне қауіпсіз аймаққа көшу жөнінде үгіттеу – түсіндіру жұмыстары жүргізуде


Р.С.ҚАЙРАҚБАЕВ
облыстық төтенше жағдайлар департаменті
бастығының міндетін атқарушы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған