QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Жүнісова той иесіне директоры болып танысып, 3 мың долларды қалтасына басқан танысы жайлы жайып салды

Автор:QAA.kz

Май 8, 2019

Мақпал Жүнісова өзінің атын пайдаланып, той иесінен үш мың доллар қаржыны алып кеткен танысы жайлы баяндады.

Әншінің айтуынша, ол адам көп ұзамай қолға түсіп, қаражатты қайтарған.

«Тойда да алдап кеткен кез болды. Менен басқа адамға ақша бермеңіздер. Той жасаған адам тек менің өзіме ақша әкеліп беруі керек. Өйткені сондай болды. Менің атымнан барып, «Мақпал Жүнісованың директорымын» деп үш мың долларды алған да, тайып тұрған.

Жақын араласып жүрген адам. Бірақ енді оны ұстап алдық. Қайтарды ақшасын. Сондықтан да менімен хабарлассын. Ақшаны біреуге берсе, міндетті түрде суретке түсіріп алсын», — деп ағынан жарылды Мақпал Жүнісова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астанадағы концерттердің бірінде Мақпал Жүнісованың бағалы тасы бар сырғасы мен әшекейін ұрлап кеткен болатын.

 

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *