QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Жұмысшы жастар арасында кездесу өтті

Автор:QAA.kz

Фев 8, 2021

Ақпан айының алғашқы сенбісінде «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен жұмысшы жастар арасында кездесу өткізілді. 

Кездесу мақсаты –  жастар арасындағы жұмысшы мамандықтарының беделін және жұмыс жастарының мәртебесін арттыру, жас жұмысшылардың дамуын, жастардың өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру.               

Кездесуге ұлттық компания, акционерлік қоғам, ірі, орта және шағын кәсіп орындарында  жұмыс жасайтын жастар қатысты. 

       «Бүгінгі кездесу қызықты форматта өтті. Монополия ойыны — жылжымайтын мүлікпен сауда жасауға арналған динамикалық ойын.  Басқа ойыншылармен келісімдер жасай отырып, аукциондарда табыс табу әдістерін үйренесің.  Жалпы айтқанда миды қозғап, жоспарлауды үйретеді. Алдағы уақытта осындай кездесулер жиі өтіп тұрады деген ойдамын» — дейді қатысушы Әбдімәлік Біржан. 

      Айта кетейік, кездесу барысында барлық  санитарлық талаптары сақталды. 

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *